Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтайды

Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және осыған байланысты еліміз бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала бітіреді. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. “Алтын белгіге” үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-дан аспайды», деді министр.

Оның айтуынша, оқу жылын «Білім – Отаным» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» 23 немесе 24 мамырға жоспарланған.

Аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 18-20 маусымға белгіленді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 16 маусымға дейінгі аралықта өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47