ffin.kz

Биылғы көктемнің сәнді түсі қандай?

Биылғы көктемнің сәнді түсі қандай? Сурет: ТАСС/picture alliance / Ik Aldama

Сәнгерлер көктем мезгіліндегі басты түстердің бірін атады. Олар жасылдау келген зәйтүн түсті таңдап отыр, оны көптеген дизайнерлер өздерінің жаңа коллекцияларына енгізіп те үлгерген.


Стилисттер жаңа сәнді түсті ұтымды әрі сәнді пайдалану үшін оны басқа  түстермен қалай үйлестіруге және стильді бейнелерді қалай жасауға болатындығын айтты.


Зәйтүн түсі – 2024 жылдың көктем маусымындағы сәнді реңк.


2024 жылдың ақпанында әйгілі Vogue журналының француз редакциясы 2024 жылдың жаңа көктемгі маусымында зәйтүннің жасыл түсіне басымдық берілетінін хабарлады. Көптеген брендтер оны өз коллекцияларына енгізді.


Мысалы, JW Anderson осы реңктегі тренчты, ал Bottega Veneta – белдемше ұсынды. Сонымен қатар, сән редакторлары белі жоғары етіп орналасқан джинс шалбар, сонымен қатар, қонымды көйлектер мен қатты матадан тігілген лонгсливтер киюді ұсынады.


Стилист-имиджмейкер Анна Савельева сәнді тенденциядарға қатысты пікірін білдірді.


Бір жағынан, бұл өте күрделі түс, ол бәріне бірдей жараса қоймайды, екінші жағынан – бұл түсті реңктердің өзгеруіне қарай барынша қолдануға болады.  



«Мұның бәрі сіздің жеке реңкіңізге байланысты болады. Бұл жерде шаштың, терінің және көздің түсі маңызды рөл атқарады. Сіздің жеке контрастыңыз неғұрлым жарқын болса (қара қастар кірпіктер мен шаштар), жарқын және қанық жасыл түстерді жеңу оңайырақ болады. Егер сіздің кескініңізде  акварельдік ерекшеліктер болса, нәзік зәйтүнге назар аударыңыз. Бірақ барлығына арналған жалпы ұсыныс: егер сіз белгілі бір түс сізге сәйкес келетінін білмесеңіз, оны портрет аймағында орналастырмаңыз. Төменгі жаққа, яғни, шалбар юбка, аяқ киімді осы түстен қолдансаңыз болады», - деп кеңес береді Савельева.



Зәйтүн түсі осы маусымда шынымен сәнді, бірақ осы түсті киімді таңдағанда, өкінішке қарай, нәтиже тура сіз күткендей болмауы мүмкін, дейді дизайнер Тата Юртова.



«Бозғылт жасыл болып көрінбеу үшін терінің, шаштың реңкіне қарай өте мұқият қарау керек. Бұл түстегі киімде қалай көрінетініңізді тексерудің ең жақсы жолы - оны күндізгі жарықта өзіңізге жақындату және суретке түсіру», – дейді дизайнер.



Ол жылы, суық және бейтарап тері түрлерін айқындап тұрады. Өзіңіздің түсіңіздің түрін анықтау үшін білегіңіздің артқы жағына қарау керек. Егер тамырларда жылы жасыл реңк болса, онда бұл терінің жылы түсі, егер айқын көк түс болса, онда терінің суық түрі.


Алтын түстес сары, қызғылт сары, қоңыр, жалбыз, зәйтүн және кілегей түстері жылы түстердің иелер үшін өте қолайлы. Олар табиғилықты ерекше көрсетіп тұрады және жылулық береді. Дизайнер қанық түстерден аулақ болуға кеңес береді, өйткені олар терімен қажетсіз контрастқа ие болуы мүмкін.


Егер сіздің реңіңіз  салқын түске жататын болса, онда барынша салқын реңкті түс таңдауға тырысыңыз. Көз бен шаштың түсін де ескеріңіз. Суық түсті типтегі адамдарға  жасыл, сұр немесе көк көздер, ақшыл немесе күлгіндеу түске жақын шаштар тән. Ал суық реңктері бар түстер палитрасы тамаша болады. Ашық жасыл реңктері бар түстер де сізге сәйкес келеді.


Қоңыр шаштары мен қоңыр көздері бар жылы реңктердің өкілдеріне алтын, терракот немесе мыс реңктері бар киімдер жақсы жарасады. Егер сіздің теріңіздің түсі бейтарап түрге жатса, болса, онда сіздің кез келген түсті таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Тәжірибе жасаңыз, сізді жарқыратып, жайнатып көрсететін комбинацияларды таңдаңыз.



«Егер сізге белгілі бір түс қатты ұнайтын болса, онда киімді бетіңізге жақын болмайтындай етіп алуға тырысыңыз. Мысалы, теріңіздің түсімен және киіміңіздің түсімен тамаша үйлесетін мойын орамалын таңдаңыз. Содан кейін әрқашан өзіңіздің даралығыңызды ұмытпаңыз. Жалпы ұсыныстар болғанымен, біз әрқайсымыз өзімізге бірегейміз. Сізге сәйкес келетін нәрсені іздеңіз, тәжірибе жасаңыз және өз идеяларыңызды жүзеге асырыңыз», – деп қорытындылады Тата Юртова.



Монохромды образдар: киімнің бір түстен болу әрқашан маңызды ма?


Монохромды дегеніміз - бұл бір түсті элементтерден тұратын бейнелер. Стилист-имиджмейкер Анна Савельева дұрыс таңдалған монохромды бейне әрқашан қымбат болып көрінетінін және адам мәртебесін көрсететінін атап өтті.



«Қазіргі әлемде, монохромды образдардағы алуан түрлілігімен жаппай нарыққа қол жетімді болған кезде, маталардың сапасына назар аударып, әртүрлі текстураларды: жүн, жібек, былғары, күдері қолданған жөн. Содан кейін бейне қызықты және қымбат көрінеді. Сонымен қатар, көрнекі иллюзияларды есте сақтаңыз – монохроматикалық бейне силуэтін айқындап, жіңішке көрсетеді», – дейді Анна Савельева.



Дизайнер Тата Юртова: сіздің келбетіңіз талғампаз және әдемі көрінуі үшін контрастты қолдану керектігін айтады. Егер түс болмаса, матаның құрылымына да мән беруге болады. Немесе аксессуарлар мен аяқ киімді таңдағанда контрастты түс қосуға болады. Мысалы, сөмке, аяқ киім, қолғап немесе орамал, олар бір үлкен дақ сияқты көрінбеу үшін көрініске контраст береді.


Менің ойымша, сөмке мен аяқ киім әрқашан бірдей түсті болмауы керек. Сіз бейтарап немесе монохромды түсті аяқ киімді киіп, өзіңізбен бірге бүкіл бейнеңізге сәйкес келетін түрлі-түсті сөмкені ала аласыз.



«Менің ойымша, сіз қандай да бір себептермен гардеробыңыздағы сізге сәйкес келмейтін заттарды еш өкінбей тастауға болады, олар қандай да бір себеппен сізге жараспай қалды және сіз оларды киетін уақыт алда келеді деп кейінге қалдырып келесіз. Бұл – сіз сатып алу кезінде жіберіп алған қателіктер болуы мүмкін, мысалы, өлшемі немесе түсі мен түрі. Ондай киімдерді жарасады-ау деген  досыңызға беріңіз», - деп кеңес береді дизайнер.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55