Биылғы Freedom Ticketon Awards премиясының марапаттау рәсімі жаңа форматта өтеді

Биылғы Freedom Ticketon Awards премиясының марапаттау рәсімі жаңа форматта өтеді Freedom Ticketon Awards

Алматыда Қазақстандағы мәдениет пен өнер саласындағы ең танымал Freedom Ticketon Awards премиясының сегізінші марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дауыс беру 3 наурызда басталып, 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түнде аяқталды. Шамамен бір жарым ай бойы қазақстандықтар өткен жылы өнер мен мәдениет саласында айрықша көзге түсіп, елеулі үлес қосқан сүйікті тұлғаларына белсенді түрде дауыс берді. Халықтық дауыс беру аясында үміткерлерге барлығы 142 875 дауыс берілді.

Биыл марапаттау рәсімінің форматы өзгерді. 28 мамырда онлайн форматта өтеді, басталуы – 16:00-де. Тікелей эфир сілтемесі: https://clck.ru/3MCQYw

Тікелей эфир барысында ұйымдастырушылар мен ұйымдастыру комитетінің өкілдері биылғы жылдың 26 номинациясы бойынша жеңімпаздарды жариялайды.

Биыл дауыс беру механикасы өзгеріп, үш түрге бөлінді: халықтық дауыс беру, номинанттардың дауыстары және ұйымдастыру комитетінің дауыс беруі. Халықтық дауыс беру премия сайты арқылы өтті, онда қазақстандықтар күн сайын үздіктерді таңдады. Сонымен қатар, биылдан бастап бұған дейін дауыс беруге қатыспаған номинанттар арнайы промокодтар алып, өз номинацияларында дауыс бере алды. Алайда, өздеріне дауыс беруге рұқсат етілмеді. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері де промокод арқылы дауыс берді.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, дауыстардың «салмағы» келесідей бөлінеді: дауыс беруде кандидат алған дауыстардың максималды нәтижесі 50 ұпайға тең болады. Үміткерлер мен қазылар алқасының дауыс беруінде ұпайлар былайша есептеледі: ұйымдастыру комитеті мүшесінің әрбір дауысы әрбір үміткер үшін тағы 15 ұпай қосады, ал үміткерлердің дауысы қосымша 5 ұпай болып есептеледі. Ендігі, барлық кезеңдер бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейін, қорытынды дауыстарын санауды марапаттың тәуелсіз аудиторлық тобы жүргізеді. Оның барлық мүшелері NDA-ға (жарияламау туралы келісім) қол қойды және жеңімпаздар марапатталғанға дейін олардың есімдерін жариялауға құқықтары жоқ. Жеңімпаздар туралы ақпарат тек марапаттау рәсімінің тікелей эфирінде белгілі болады, тіпті компания өкілдері де оны марапаттау кезінде ғана біледі.

Freedom Ticketon миллиондаған адамды біріктіре алды. Билеттерді сатып алуды жеңілдету идеясынан басталған платформа бүгінде қалалар, аймақтар мен елдер арасындағы мәдени көпірге айналды. Цифрлық мүмкіндіктердің арқасында өнер көпшілікке жақындай түсті, ал көрермендер қатары кеңейді. Премия номинанттары Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрады, олардың көпшілігінің гастрольдік және жұмыс кестелері тығыз. Қазіргі жағдайда барлығын бір сахнада жинау тек онлайн форматта мүмкін.

Номинациялардың жеңімпаздарын көрермендер award.ticketon.kz сайтынан, сондай-ақ @ticketonkz Instagram парақшасынан біле алады. Салтанатты марапаттау рәсімінің тікелей көрсетілімі 28 мамыр күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Трансляция сілтемесі – https://clck.ru/3MCQYw

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:05

21:50

17:54

17:42

17:25

17:12

16:50

16:15

16:07

15:44

15:31

15:19

15:12

15:09

15:08

14:52

14:30

13:29

13:14

12:56

12:37

11:54

11:14

11:05

10:55