Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Биылдыққа ел халқына 1,8 миллионға жуық қашықтықта...

Биылдыққа ел халқына 1,8 миллионға жуық қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді

Медицина 18.07.2025, 17:33 629
Биылдыққа ел халқына 1,8 миллионға жуық қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді
Cурет: Gov.kz

Қазақстанда денсаулық сақтаудағы цифрлық құралдарды масштабтау жалғасуда. 

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ел халқына 1,8 миллионға жуық қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, бұл жалпы санның 8,35%-ын құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ведомство алқасында мәлімдеді. 

Пациенттерді сәйкестендірудің цифрлық құралдарын қолдануды масштабтау шеңберінде ел бойынша медициналық ұйымдардың 80%-ы қажетті веб-камералармен қамтамасыз етілген.

Цифрлық сәйкестендіруден өткен пациенттердің үлесі 79%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, жыл басынан бері 6 айда дәрі-дәрмектерге жіберілген рецептілердің 76,3%-ы қамтамасыз етілді, деп атап өтті Е.Оспанов.

Цифрландыруды арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына медициналық ұйымдарды веб-камералармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстардың аяқталуын қамтамасыз ету, пациенттерді цифрлық сәйкестендіруге толық көшуді қамтамасыз ету, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрілік заттарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медициналық қызмет #қашықтықтан #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика