конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биылдан бастап мектептерде жасанды интеллект оқыты...

Биылдан бастап мектептерде жасанды интеллект оқытылады

Білім және ғылым Бүгін 15:05 41
Биылдан бастап мектептерде жасанды интеллект оқытылады

Жасанды интеллект Қазақстандағы мектеп бағдарламасының міндетті бөлігіне айналады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы құжаттарды жүзеге асыру аясында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары жаңартылды. 1–4 сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәні «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5–11 сыныптардағы «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертілді», – делінген хабарламада.

Министрлік білім беру мазмұнының жаңаруы технологиялардың дамуымен, еңбек нарығы талаптарының өзгеруімен және жасанды интеллекттің өмірдің әртүрлі салаларына кеңінен енгізілуімен байланысты екенін түсіндірді.

Ведомство деректеріне сүйенсек, оқу бағдарламаларына жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер енгізілді. Бастауыш мектепте оқушылар жасанды интеллект негіздерімен, цифрлық қауіпсіздікпен және жеке деректерді қорғау ережелерімен танысады.

5-9 сыныптарда мектеп оқушыларына оқу процесінде ЖИ құралдарын пайдалануды, промпттарды сауатты құрастыруды, нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалауды, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды үйретеді.

10-11 сыныптарда басты назар жасанды интеллекттің жұмыс істеу ұстанымдары мен оны практикада қолдануға аударылады. Бағдарламаға машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздері кірістірілді.

Бұған дейін жаңа оқу жылынан бастап Астанадағы жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы сыныптар ашылатынын белгілі болды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтер: Үкімет СҚО ауылдарын сумен қамтуға 2,7 млрд теңге бөлді

Бүгін 15:27

Биыл гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға беріледі

Бүгін 15:26

Жасанды интеллект еңбек нарығын өзгертуде: партиялар білім беру мен болашақ мамандықтарды талқылады

Бүгін 15:13

Алматы – Вашингтон: Америка мектебіндегі бір жыл және болашақ білімге жаңа көзқарас

Бүгін 14:43

Абайдың 181 жылдығына орай ҚазҰУ-де абайтану саласындағы жаңа білім беру жобасы мен ғылыми әзірлемені таныстырды

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);