ffin.kz

Биыл тұрмысы нашар 8 мың отбасы пәтер жалдап тұруға субсидия алды

Биыл тұрмысы нашар 8 мың отбасы пәтер жалдап тұруға субсидия алды Сурет: Tengrinews.kz

Цифрлық платформа іске қосылды


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президент тапсырмаларының орындалу барысы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өздеріңізге мәлім, биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында біздің министрлікке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған болатын. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында біз аталған екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындап, ол Үкімет мүшелері тарапынан қолдау тапты. Осылайша, «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біртұтас жол компаниясына біріктірілді. Бүгін екі жол операторын қосу жұмысы басталды. Таяу арада аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру жоспарланған», - деп жазды министр Telegram парақшасында.



Оның айтуынша, жыл басынан бері Президенттің министрлікке жүктеген 95 тапсырмасы орындалған.
Біріншіден, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына жалдамалы тұрғын үйді субсидиялауға арналған өтінім қабылдайтын цифрлық платформа іске қосылды. Аталған платформа арқылы азаматтар тарапынан 32 мыңға жуық өтінім келіп түсіп, оның 8 мыңға жуығы мақұлданған.
Екіншіден, қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандарты қабылданды. Аталған құжат қалалық жерде өмір сүру ортасы мен тұрғын үйге қатысты қолайлы жағдай жасауды көздейді.
Үшіншіден, «Е-шаңырақ» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ақпараттық жүйені жасау барысында саланың бытыраңқы ақпараттық жүйелерін біріктіретін тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың цифрлық жүйесін құруға басымдық берілді.
Бұл жүйе ауқымды ақпараттарды талдау есебінен тиімді басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді деген сенімдемін. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша бюджеттік қаржыландырусыз іске асырылды.
Төртіншіден, биыл арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыруға және АЭА басқарушы компанияларының кадрлық құрамын нығайтуға арналған Жол картасы қабылданды. Бұл құжат арқылы біз арнайы экономикалық аймақтардың қызметін реформалау шараларына басымдық бердік.
Бесіншіден, халықаралық жүк тасымалын дамыту үшін ұйымдастыру іс-шараларының жоспары әзірленді. Аталған құжат еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға тың серпін береді деп ойлаймыз.
Алтыншыдан, автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын отандық зауыттарға кең көлемдегі тексеру жұмыстары аяқталды. Әрбір кәсіпорынға жан-жақты талдау жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Жетіншіден, соңғы үш жылда салынған үйлерге ревизия жүргізіліп, есеп пен нақты істің шынайылығы тексерілді. Атап айтқанда, 2019-2021 жылдары аралығында елімізде 45,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жергілікті атқарушы органдар берген ақпарат бойынша геопорталға енгізілген тұрғын үй көлемі 43,3 млн шаршы метрді құрайды. Оның 83 пайызы тексеріс барысында расталды. Ал қалған 17 пайыз баспана пайдалануға беру туралы актінің жоқ болуына, құрылыстың аяқталмауына және жер учаскесін мақсатсыз пайдалануға байланысты расталмады.
Сегізіншіден, РОП операторының қаражатын пайдалана отырып, отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған жеңілдетілген несие беру тетігін енгізу механизмі іске қосылды. Осылайша, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында 30 млрд теңге (аралас көздер арқылы тартылатын қаражатты қоса есептегенде – 40 млрд теңге) бөлінді. Сонымен қатар бүгінде отандастарымыз жеңілдетілген автонесие бағдарламасына да қатысуда.



«Мемлекет басшысының барлық тапсырмасы ерекше бақылауымызда және дер кезінде орындалып жатыр» деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55