AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Қазақстанда мектеп бітіру кеші өтетін болды

Биыл Қазақстанда мектеп бітіру кеші өтетін болды

Әлеумет 22.04.2022, 11:59 1,418
Биыл Қазақстанда мектеп бітіру кеші өтетін болды
Сурет: Qazaqtv.com

Шараны мейрамханада өткізуге болмайды, автокөлікпен қыдыруға тыйым салынады.


Биыл эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты түлектердің мектеп бітіру кеші өтеді. Бірақ бұл іс-шараның барлығы мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Үстіміздегі жылы мектеп бітіретін түлектерге қойлып жатқан талаптар жайында ҚР БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова айтып берді.  



«Жоғары сынып оқушылары мектеп бітіру кешін асыға күтетіні белгілі, өйткені бұл жастардың жаңа өмірге қадам басқанын білдіреді. Соңғы екі жылда коронавирус індеті мектеп пен ұстаздардың дәстүрлі қоштасу кешін тоқтатып тастады. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай мұндай кешті өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ кештің барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек. Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім басқармалары түлектердің ата-аналарына бұл шараларға шығындалудың тиімсіз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл - күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі», - деді Самал Қадырова «Желіге шолу» жобасының жаңа санында.



Мектеп бітіру шараларына мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және басқалар қатыса алады.


Білім және ғылым министрлігінің ұсынымдарына сәйкес, мектеп бітіру кеші білім беру ұйымының өз күшімен ұйымдастырылуы керек. Мынадай мәселелерге рұқсат етілмейді:


- аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, ақылы әртістерді, мерекелік шараларға жеке студияларды тартуға;


- мерекелік дастархан ұйымдастыруға;


- автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге;


- мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға;


- ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға болмайды.


Айта кетейік, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 2022 жылғы 16-17 маусымда тапсырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #кеш #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);