Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл Қазақстан 5,7 трлн теңге қарыз алады

Биыл Қазақстан 5,7 трлн теңге қарыз алады

Әлеумет 19.01.2023, 12:15 814
Биыл Қазақстан 5,7 трлн теңге қарыз алады
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы 2,7% немесе 3,2 трлн теңге болды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бюджет тапшылығын жоюға алынатын қарызды қандай көздерден тарту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Бюджет тапшылығын жабу мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін қаражат тарту да маңызды мәселе. Биыл бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы 2,7% немесе 3,2 трлн теңге болды.



Бұрын тартылған қарыздарды өтеу қажеттілігін ескерсек, қарыз алу қажеттілігі 5,7 трлн теңгені құрайды. Бұл - қомақты сома», - деді Әлихан Смайылов.



Үкімет басшысы бұл бағыттағы қарыздың негізгі бөлігі теңгемен және ішкі нарықтан алынуы керектігін ескертті.


«Тапшылықты негізінен ұлттық валютадағы Ішкі қарыз алу арқылы қаржыландыру қажет. Осылайша, біз валюталық тәуекелдерді теңестіреміз және ішкі нарықты дамытамыз.


Осыған қарамастан, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қаражат тартудың барлық әлеуетін, оның ішінде сыртқы нарықтарға шығуды пайдалану қажет.



Осы бағыттағы жұмыс бюджетті атқару кезінде кассалық алшақтықтар болмайтындай, ал барлық борыштық индикаторлар қауіпсіз деңгейде болатындай етіп құрылуы тиіс», - деді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарыз #ақша #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Бүгін 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Бүгін 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Бүгін 18:04

Түркістан облысында 9 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Бүгін 17:23

Депутат көлік әйнегін қараңғылатуға қойылған тыйымды алып тастау ұсынды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі