Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7 мың кво...

Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7 мың квота бөлінді

Медицина 26.01.2023, 12:05 1,388
Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 7 мың квота бөлінді
Сурет: Ашық дереккөз

ЭКҰ-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады


Биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ аясында 7 мың квота бөлінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКҰ аясында бөлінген квота саны 7000-ға дейін көбейді. Осы орайда елімізде 20-дан астам тиісті орталық бар. Сондықтан стандартқа сәйкес дәрігерлері бар, құрал-жабдықтары жасақталған орталықтар бағдарламағы жүзеге асыруға қатысып отыр. Биылға да 7 мың квота бөлінді», - деді А. Ғиният Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Айта кетейік, бұл ем-шара терапиялық жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған.


ЭКҰ-ға отбасылық жұптар да, жеке адам да қатыса алады. Міндетті түрде үміткердің ерікті жазбаша келісімі болуы керек.


Сондай-ақ, Қазақстан азаматы болуы және Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық параметрлерге (репродуктивті жас – 18-ден 42 жасқа дейін, қалыпты соматикалық және эндокриндік мәртебе, жоғары фолликулярлық резерв) сәйкес келуі қажет.


Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы Президент «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.


2022 жылдың аяғында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 6,5 мың әйелге көмек көрсетілгені хабарланды.


Нәтижесінде 2650 отбасында 3110 сәби дүние есігін ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аңсаған сәби #квота #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика