ffin.kz

Биыл Алматыда «Музей түні» қалай өтеді?

Биыл Алматыда «Музей түні» қалай өтеді?

Биыл Халықаралық музейлер күні "Музейдің тұрақтылығы мен өркендеуі" ұранымен өтеді.


Атаулы күн қарсаңында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Орталық мемлекеттік музейі мен "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" өкілдері сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының мұражайлары жыл сайын 18 мамырда "Музей түні" дәстүрлі акциясын өткізеді. Мәселен, құрамына 8 музей кіретін "Алматы қаласы музейлер бірлестіктігінде" (Алматы музейі, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А.Қонаев музейі, Н. Тілендиевтің мемориалды музейі, С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешені, А. Байтұрсынұлының музей-үйі, Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы), "Тарих. Тұлға. Музей" тақырыбында ауқымды мәдени-көңіл көтеру шарасын өткізуді жоспарлар отыр.



"Музейлер Алматы қаласының рухани және мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біздің мұражайларға келушілер артефактілермен танысып, олардың тарихы мен Алматы қаласының тарихы туралы біліп қана қоймай, түрлі рухани-тарихи және мәдени іс-шараларға қатысып, ой-өрістерін кеңейтеді. Осындай акциялардың бірі "Музей түні" акциясы болып табылады", - деді «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» директорының даму жөніндегі орынбасары Қайрат Тарбаев.



Мәселен, Алматы музейінде "Тірі Музей" театрландырылған қойылымы ұйымдастырылады. Келушілердің назарына қола дәуіріндегі әйел, қазақ батырлары, сондай-ақ басқа да белгілі, тарихи тұлғалар ұсынылады. Сондай-ақ, белгілі әртістер Ғазизхан Шекербек, Кенжебек Жанәбілов, Ерлан Байназаров және «Tengri ethno music band» қатысатын концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.


Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасында:


- Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде және Мультимедиялық дәстурлі музыка орталығында ҚР дәстурлі әншілері Мұрат Әбуғазы, Нұржан Жанпейісов, Рамазан Стамғазиев, «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы, т.б. қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді. Музейдің экспозициялық залдарында келушілерді Қоркыт, Құрманғазы, Ақан сері, т.б. кейіпкерлер күтеді.
- Д.А. Қонаев музейінде, А. Байтурсынұлы музей-үйінде, Н. Тілендиевтің мемориалды музейінде, С. Мұқанов пен F. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешенінде концерттік бағдарлама, деректі фильмдер көрсетілімі өткізіледі.


Сондай-ақ, спикер атап өткендей қала музейлерінде такырыптық экскурсиялар, интеллектуалдық квест-ойындар, шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. 


Айта кетейік, бұл акция 2006 жылы алғаш рет ҚР Орталық мемлекеттік музейінде өткізілді.



«Осыдан тура 18 жыл бұрын отандық музей кеңістігінде алғаш рет ерекше ірі оқиға орын алды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі "Халықаралық музейлер куні" кәсіби мерекесіне арналған "Музей туні" әлеуметтік маңызы бар акциясын өткізді»,- өз кезегінде музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  Ғалия Теміртон айтты.




Орталық музейде іс-шараның салтанатты ашылуы З. Алтынбаева, Бүркіт және Аиша, "Tengri" тобы және т. б. атақты жұлдыздардың қатысуымен өтеді.
Бұл күні музейге келушілер "ХХІ ғасырдың көшбасшылары мен танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық" көрмесінің ресми ашылуына қатыса алады, онда белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерімен бірге кәсіби суретшілердің шығармашылығы көрсетіледі.


Музей бағдарламасында бұл күні келушілер келесі көрмелерді көре алады:
- музей қорынан ұсынылған "Ер жігіттің бес қаруы бойында" қару-жарақ көрмесінің ашылуы.  


- Қазақстан суретшілер пленері қатысушыларының "Ұлттық мұра – Ұрпаққа аманат "атты жұмыстарының тұсаукесері.
- суретші, дизайнер Айжан Әбдубаитованың "Зерлеу" топтамасының этнокөрсетілімі және т. б.


Бұл күні мұражай бағдарламасында интерактивті білім беру бағдарламалары, театрландырылған сабақтар және балаларға арналған экскурсиялар түріндегі көптеген акциялар мен іс-шаралар бар. Олардың ішінде:
- "Археолог өмірінен бір күн"- инсталляция-квест.
- "Үш тақырып - үш тарих", "Үш діннің ерекше тарихи мұралары: Тора, Библия, Құран"- музейлік сабақ/көрме.
- "Жеті қазына", "Қазақтың әшекей бұйымдары", "Ұлы Жібек жолы"- Балалар коворкинг орталығындағы шығармашылық музейлік сағаттары.
 - "Ұшатын кеме" қойылымы және т. б.
Алматылықтар мен қала қонақтарына көптеген басқа көрмелер, шеберлік сабақтары мен атақты жұлдыздардың қатысуымен өтетін салтанатты бағдарламалар ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:18

20:12

20:10

20:10

20:01

19:41

18:59

18:49

18:42

18:40

18:26

18:26

18:25

18:24

18:22

17:46

17:45

17:18

17:15

17:01

16:52

16:42

16:39

16:35

16:32