AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегер...

Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған

Білім және ғылым 21.05.2022, 09:15 1,580
Биыл 920 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған
Сурет: Egemen.kz

Дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінбек


Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.



«Кеше Алматыда қала мектептерінде оқитын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтадым. Жеңімпаздарға дипломдарын табыстап, дарынды балалардың сұрақтарына жауап бердім.Биыл жүлделі орындарды еліміздің барлық аймағының 920 қатысушысы иеленді. 183 оқушы алтын, 274 оқушы күміс және 463 оқушы қола медаль иегері атанды. Олар аудандық, қалалық, облыстық олимпиадалардың елегінен өтіп, республика көлеміндегі үздіктердің үздігі атанды. Жас қатысушылардың жеңістері барынша әділ болуы үшін биыл біз барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық. Яғни олар электронды форматта өтті. Былтыр оқушыларымыздың әлемдік деңгейдегі олимпиадаларда жеңіп алған медальдары рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл өз рекордымызды жаңартамыз деп үміттенемін», деді министр.



Сондай-ақ ол сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.


Жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.


Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі.



«Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра береді», дейді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #оқушылар #дарынды оқушылар #дарынды балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46

Алматыда Жеңіс күні аталып өтіп, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етілді

Бүгін 12:05

Қазақстандық 8 боксшы Азия чемпионатында медальға ілікті

Бүгін 11:32

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);