AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Биыл 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрс...

Биыл 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрсетіледі

Әлеумет 29.06.2022, 06:44 1,087
Биыл 8,7 млрд теңге болатын 237 жобаға қолдау көрсетіледі
almaty-akshamy.kz

29 маусым күні Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасына қала тұрғындарының қатысу мәселелері туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Іс-шараның спикерлері – Алматы қаласы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алтынай Төлеутаева және «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Аида Мұстафинова.


2019 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет «Халықтың бюджетке қатысуы» пилоттық жобасын іске асыруды бастады, оның мақсаты тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарын дамыту және абаттандыру.


2019 жылы Алматы тұрғындарынан 333, ал 2020 жылы 795 бастама түсті. Өткен жылы қала тұрғындары өз аулаларын, көшелерін және аудандарын дамытуға және абаттандыруға 934 ұсыныс берді.



Өткен жылдың қорытындысы бойынша, қала тұрғындарының бастамасына қатысты Алматыда жалпы құны 5,4 млрд теңге болатын 256 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді. Іске асырылған жобалардың ішінде Алатау ауданының "Шаңырақ-2" шағынауданындағы (Ысқақов көшесі) және "Томирис" шағынауданындағы (Марқатау көшесі) балалар және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу; Түрксіб ауданының Волочаевская және Сүйінбай көшелеріндегі балалар және спорт алаңдарын; Әуезов ауданының Саин және Жұбанов көшелері қиылысындағы көпір астындағы спорт алаңдарын, Төле би көшесінің, (Яссауи көшесі мен Момышұлы көшесінің арасындағы) Яссауи көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағын салу және т.б.



Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарлануда. Өтінім беру мерзімі budget.open-almaty.kz. сайты арқылы 20 шілдеге дейін әрі бір жобаның ең жоғары құны 61,2 млн теңгеден аспайды.


Бүгінде қала тұрғындары 62 өтінім берді. Берілген бастамалар саны бойынша Алатау (20), Бостандық (10), Әуезов (7) және Медеу (7) аудандары көш бастап тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);