ffin.kz

Биыл 64 елде президент сайлауы өтеді

Биыл 64 елде президент сайлауы өтеді Сурет: bloomberg.com

Жаңа 2024 жыл әлемде маңызды кезең болмақ.


Биыл бірқатар держава президент сайлауын өткізеді. Биыл 64 ел президентін сайлайды екен. 2 млрд адам дауыс беруге қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz арнасының шолуына сілтеме жасай отырып. 


АҚШ-тағы президент сайлауына төрткүл дүние көз тігеді. Саяси бәсеке бұған дейін-ақ басталып кеткен. Сарапшылар президент Джо Байден орынтағын сақтап қала ма, әлде басқа үміткер ел тізгінін қолға ұстай ма деген сауалды қызу талқылап жатыр. Үміткерлер қатарында бірнеше адамның есімі мәлім болды. Ең танымалы Джо Байден мен Дональд Трамп. Бұл екеуі бір-бірінің көзін шұқып, кемшіліктерін бетке басудан алдына қара салар емес. Трамп Ақ үйдің қазіргі қожайынын IQ-і төмен деп кемсітті, ал Джо Байден оны бүлікші деп айыптады.



«Джо Байден мен Демократиялық партия кез келген мәселені шеше алмайды. Қисық Джо – біздің ел тарихындағы ең нашар, қабілетсіз және жемқор президент», -  АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп.



Бұл сөзге, кезінде Трампты әлсіз деп әжуалап, 2020 жылы Джо Байден президент болған кезде, оны бірінші болып құттықтаған Канада премьер-министрі жауап берді.



«Егер Трамп билікке қайтып келетін болса, демократияға, сыртқы саясатқа және геосаясатқа ауыр зардаптар әкеледі», - дейді Канада премьер-министрі Джастин Трюдо.



Жалпы жылдың пердесін ашатын сайлау – Тайуанда өтеді. Онан соң, Әзербайжан, Ресей, Франция, Үндістан, Алмания және Бразилия халқы өз басшысын сайлайды. Ал АҚШ-тағы сайлау, әлем көз тігіп, аңдып отырған сайлаулардың бірі әрі бастысы болмақ. Сарапшылардың пікірінше, сайлау нәтижесі әлемде болып жатқан қақтығыстарға тікелей әсер етеді.


Отшашу мен оқ шашу


Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстың тоқтайтын түрі жоқ. Жаңа жыл қарсаңында Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари шабуылды одан әрі үдетуге күш салып жатқанын мәлімдеді. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 қазаннан бастап Газа секторында 21 мың 978 адам қаза тапқан. Оның басым бөлігі әйел мен бала. Ал жаңа жылдан кейін, министрлік соңғы 24 сағат ішінде 156 адам қаза тауып, 246 адам жараланғанын мәлімдеді. Газаның тағдыры бұлыңғыр.


БҰҰ өкпелі


Біріккен Ұлттар ұйымы өткен жылға өкпелі. "2023 жыл үлкен азаптың, зорлық-зомбылық және климаттық хаос жылы" болды дейді. Расымен де, адамзат қатты зардап шекті. Кедейлік пен аштық алқымнан алды. Қақтығыстар көбейді. Түрлі індет тарады. Дегенмен келер жылдан үміт көп... Былтырғы климат жөніндегі саммитте әлем елдері алғаш рет жаңартылған энергия көздеріне көшуге келіскен еді. Биыл айтулы даталардың қатарына 26 қаңтар “Халықаралық таза энергия күні” қосылды. Мақсат – жаһандық жылынумен күрес. Бұл әлем үшін маңызды қадамның басы болмақ.



«2024 жыл сенім мен үмітті қалпына келтіру жылы болуы керек. Ортақ шешімге келу үшін келіспеушіліктерге қарамастан бірігуіміз керек. Климаттың өзгеруімен күресу. Экономикалық мүмкіндіктер мен барлығына пайда әкелетін әділ жаһандық қаржы жүйесін құруымыз керек», - дейді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш. 



2023 жылы түйіні көп мәселе таразыға салынып, жан-жақты талқыланды. Енді соның нүктесін қою биылғы жылдың еншісінде дейді, сарапшылар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04