AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесті

Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесті

Алматы 10.03.2026, 16:43 357 Сұлу
Бітіруші түлектер жұмыс берушілермен кездесті
Алматы қалалық №19 жалпы білім беретін мектеп

Болашақ мұғалім үшін біліммен қатар кәсіби ортада өзін еркін ұстау, жұмыс берушімен сауатты әңгімелесе білу де маңызды. Осы мақсатта болашақ педагогтарды еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасының тағы бір кезеңі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жолғы кездесу Алматы қалалық №19 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды.

Жоба аясында бүгін университеттің физика-математика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау бойынша білім беру бағдарламаларының 11 бітіруші түлегі кәсіби сұхбаттасудан өтті. Қатысушылар мектеп басшысының алдында әңгімелесуден өтіп, өз мамандығы бойынша білімін, сабақ жүргізудегі көзқарасын және педагог ретінде қалыптасқан тәжірибелерін таныстырды. Оларға мектеп тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, болашақ мұғалімдердің пәнді меңгеруі, оқушылармен жұмыс істеу тәсілдері мен педагогикалық ұстанымдарына назар аударылды.
Әңгімелесуді №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Имангалиева жүргізді. Ол студенттердің өзін таныстыру шеберлігіне, кәсіби дайындығына және коммуникациялық мәдениетіне талдау жасап, қатысушыларға маман ретіндегі ұсыныс білдірді.

Мектеп директорының айтуынша, мектеп пен университет арасындағы мұндай өзара ықпалдастық – өзгелерге үлгі боларлық, өйткені білікті маман даярлау – мектеп пен жоғары оқу орнының ортақ міндеті. Сондықтан екі тараптың тығыз байланыста жұмыс істеуі айрықша мәнге ие. Осындай кездесулер болашақ педагогтың кәсіби тұрғыдан қалыптасуына, өз мүмкіндігін толық көрсетуіне жол ашады.

Жұмыс беруші мен бітіруші түлектердің арасындағы әңгімелесу Абай университетінде 2019 жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Өзінің тиімділігін көрсеткен жоба бойынша жыл сайын студенттердің пікірі ескеріліп, нәтижесі де сараланып тұрады. Осындай мамандыққа қатысты сұхбаттан кейін мектепке жұмысқа қабылданған студенттер де жетерлік.
Айта кетейік, «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы – соңғы курста оқып жатқан студенттер мектеп басшыларымен тікелей жүздесіп, өз кәсіби деңгейін танытуға және болашақ мамандығына қатысты тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін маңызды бастамалардың бірі. 2025-2026 оқу жылы барысында Алматы қаласының бірнеше ауданында кезең-кезеңімен ұйымдастырылу үстінде. Алғашқы кездесулер Наурызбай ауданын қамтыса, бұл жолы Медеу ауданында жалғасын тапты. Алдағы уақытта Түрксіб ауданы мектептеріне өткізу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 19:55

Түркістандағы құрлық біріншілігінде Қазақстан тағы 8 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 19:51

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен аяқтады

Бүгін 19:47

Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирін табысты аяқтады

Бүгін 19:44

Алан Құрманғалиев халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Бүгін 19:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);