Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бірыңғай жиынтық төлемнің қолдану мерзімі аяқталды

Бірыңғай жиынтық төлемнің қолдану мерзімі аяқталды

Экономика 09.06.2023, 15:08 1,303
Бірыңғай жиынтық төлемнің қолдану мерзімі аяқталды
Сурет: Gov.kz

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда тиісті салық режимін таңдау қажет.


Бірыңғай жиынтық төлемнің қолдану мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.


Естеріңізге сала кетейік, бірыңғай жиынтық төлем бастапқыда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін, егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және олардың кірісінің сомасы жылына 4 миллион теңгеден аспаса, 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілді.



"Қазір, белгілі болғандай, жеке тұлғалардың кірістерін декларациялауды кезең-кезеңімен енгізуі жүріп жатыр, онда кірістің мөлшерін көрсету қажет. Бұрын кәсіпкерлік қызметті тіркемеген азаматтар кәсіпкер болуды немесе жалдамалы қызметкер болуды таңдауы керек. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда тиісті салық режимін таңдау қажет. Жеке қызметтерді көрсету кезінде ең тиімдісі – арнаулы мобильді қосымшаны пайдаланатын салық режимі болып табылады, ол чек беруге мүмкіндік береді, сіз үшін салықтар мен төлемдерді есептейді, бұл ретте декларация ұсынылмайды", - делінген ведомство хабарламасында.



Мәлім болғандай, бюджетке төлемі алынған кірістен 1 пайызды құрайды, бұл жеке табыс салығының мөлшерлемесі. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 14 350 теңгені құрайды.


Бұл кәсіпкердің пайдасына түсетін төлемдер (зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 3450 теңге, медициналық сақтандыру жарналары – 4900 теңге).


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жиынтық #төлем #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика