Кеше, 2022 жылғы 5 маусым, жексенбі күні Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша республикалық референдум өткені белгілі.
2022 жылғы 5 маусымда – дауыс беру күні "АҚШАМ-АҚПАРАТ" Орталық референдум комиссиясының мәліметтеріне сүйеніп, күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпараттарды "Алматы ақшамы" газетінің сайтында жариялап отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелерінің дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.
Референдум бюллетенінде бір ғана сұрақ болды: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".
Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша республикалық референдумда "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының, "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының, "Демократия институтының" exit poll нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды "АҚШАМ-АҚПАРАТ".
"СОЦИС-А" КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ:
• 76,7 % адам "жақтап" дауыс берді;
• 23,3% адам "қарсы" дауыс берді;
• Референдумға қатысқан адамдар саны 67,5%-ды құрады.
•
"ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР" ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ EXIT POLL МӘЛІМЕТТЕРІ:
• Референдумға қатысқандардың 74,8% -ы "жақтап" дауыс берді;
• "Қарсы" дауыс бергендер - 25,2%;
• Референдумға қатысқан адамдар саны 70,1% - ды құрады.
"ДЕМОКРАТИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ" EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ:
• "Жақтап" дауыс бергендер 79,4%;
• Қатысушылардың 20,6% - ы" қарсы " дауыс берді;
• Референдумға қатысқан адамдар саны 66,3% құрады.
Орталық референдум комиссиясының алдын-ала мәліметтері бойынша 2022 жылғы 5 маусымда, сағат кешкі 22.00-де 8 миллион 30 мың 739 адам бюллетеньдер алғаны тіркелген. Дауыс берген тұлғалар саны 68,44% -ды құрады. Референдумға қатысу бойынша көшбасшы – Түркістан облысы – 80,66%. Алматыда 33,3% адам дауыс берді.
Еліміз облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алған.Оның ішінде:
Ақмола облысы бойынша |
- |
73,81 |
% |
Ақтөбе облысы бойынша |
- |
58,06 |
% |
Алматы облысы бойынша |
- |
72,83 |
% |
Атырау облысы бойынша |
- |
67,68 |
% |
Батыс Қазақстан облысы бойынша |
- |
69,37 |
% |
Жамбыл облысы бойынша |
- |
69,59 |
% |
Қарағанды облысы бойынша |
- |
77,39 |
% |
Қостанай облысы бойынша |
- |
72,28 |
% |
Қызылорда облысы бойынша |
- |
79,89 |
% |
Маңғыстау облысы бойынша |
- |
61,19 |
% |
Павлодар облысы бойынша |
- |
75,53 |
% |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша |
- |
75,49 |
% |
Түркістан облысы бойынша |
- |
80,66 |
% |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша |
- |
77,49 |
% |
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша |
- |
57,06 |
% |
Алматы қаласы бойынша |
- |
33,30 |
% |
Шымкент қаласы бойынша |
- |
72,53 |
% |