AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірнеше пәтері бар азаматтардың мүлік салығы артад...

Бірнеше пәтері бар азаматтардың мүлік салығы артады

Әлеумет 12.06.2023, 09:54 1,294
Бірнеше пәтері бар азаматтардың мүлік салығы артады
Сурет: ашық дереккөз

Бірнеше пәтері бар азаматтарға салық иелігіндегі жылжымайтын мүліктің жиынтық құнынан есептелуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


«Салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында өткен жиында ҰЭМ өкілі сән-салтанат салығын жаңаша есептеу жолдары қалай іске асатынын түсіндірді, деп жазды Қазақпарат. 



«Қазір біз сән-салтанат салығын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Президент берген тапсырманың бірі осы болатын. Яғни, бұл жерде жеке бір салықтың түрі туралы айтып отырған жоқпыз. Тауарлардың жеке санатына қосымша салық есептеледі деген сөз. Акциздер арқылы, мүлікке салық арқылы алынады. Біз бұл жерде не ұсынып отырмыз?


Қазір бізде жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың онсыз да прогрессивті шкаласы бар. Яғни, мүліктің құны неғұрлым жоғары болса, салық мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады – 0,01 пайыздан 1,5 пайызға дейін», - деген министрдің орынбасары меншігшігінде бірнеше жылжымайтын мүлкі бар адамға жаңа шкала қалай әсер ететінін түсіндірді.


«Мысалы, 10 бірдей пәтері бар меншік иелері бар. Олардың иелігіндегі әр пәтерді жеке алып есептесе, салық мөлшерлемесі әр пәтер үшін жеке есептеледі. 1 бөлмелі пәтерінің құны 20 млн теңге болса, салық мөлшерлемесі басқаша болады. Ал егер 10 пәтердің құнын қосып есептесек, 200 млн теңге болады. Сәйкесінше 200 млн теңгеге салынатын салық мөлшерлемесі де жоғары болуы керек. Сондықтан осындай санаттар үшін мүлік салығы жиынтық құнына байланысты есептелуі керек. Тиісінше салық мөлшерлемесі де жоғары болады», - деді вице-министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүлік #салық #үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);