AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бірлігі жарасқан көршілер

Бірлігі жарасқан көршілер

Әлеумет 01.05.2025, 14:19 755 Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ
Бірлігі жарасқан көршілер
aqshamnews.kz

1-мамыр – Бірлік күні

 

 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл атаулы күн достық пен татулықты басты бағдар еткен ел халқы үшін айрықша мәнге ие. Алматы іргесіндегі елдімекендердің бірінде әр ұлт өкілдері жиналған, түрлі тағдыр тоғысқан бір көше бар. Берекелі де мерекелі бұл көше – Панфилов ауылындағы Қ.Құрманов көшесі. Онда қазақтармен бірге грек, ұйғыр, орыс, татар, түрік ұлттарының өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Елімізде сантүрлі этнос өкілдерінің тағдырын тарихтың ащы парақтары тоғыстырды деуге болады. Сонау ашаршылық пен қуғын-сүргін кезеңдері, жаппай депортациялау жылдары қазақтың кең құшағына әлемнің әр халқы келіп паналаған еді. Дәуірдің алмағайып кезеңдерінен өткен сайын солар бір атаның басындай, бір қолдың саласындай өзара бауыр басып, араласып кеткен. Біз айтып отырған Құрманов көшесіндегі риясыз картина осыны айғақтаса керек.

Әр отбасының өз тағдыры, өз өмір жолы бар.  Бірақ барлығын біріктіретін қасиет – өзара сыйластық пен достық. Айтуға тұрарлық ең бір артықшылығы – мұндағы әр отбасы көршісін жақын туысындай қадірлейтіні. Ол болса күнделікті қарапайым іс-әрекеттерден көрініп жатады. Кейде көшеде балалар ойнап жүріп, велосипедтері мен ойыншықтарын ұмытып кетсе, көршілер оларды өз үйлеріне кіргізіп қояды. Егер біреу қақпасын ашық қалдырса, өзгелері үнсіз жауып кетеді. Кез келген ортақ мәселе болса, тұрғындар бірлесе отырып шешеді. Сондықтан да бұл көше шынайы бірліктің мекеніне айналған.

Жаңару мен ізгілік шуағы сынды Наурыз мерекесі келгенде бұл көшеде берекенің қазаны тіпті де қайнай түседі. Мерекелік басқосуларда көше тұрғындары бір қазаннан ас ішіп, алқа-қотан отырысып, шүйіркелесіп тарасады.

Құрманов көшесінде заманауи жағдай жасалған: асфальт жолдары тегіс, түнде көшені жарық шамдар нұрға бөлейді. Қазір көше бойындағы әр аулада гүлдер егілуде. Айналаны көгалдандыру ісіне де тұрғындар бірге атсалысып жатыр. Мұнда әр көктем – жаңа үміттің, жаңа достықтың бастауы секілді.

 

София мен Анастас Делеоридистер (грек отбасы):

– Біз бұл көшеде 50 жылдан бері тұрамыз. Алғаш келгенде айнала ашық дала еді. Қазақ халқы бізді бауырындай қарсы алды, қиын-қыстау күндерде қолдау көрсетті. Сол күндер үшін алғысымыз шексіз. Бүгінде көршілеріміз бізге туыстай болып кеткен. Қуанышта да, қайғыда да біргеміз. Біздің басты байлығымыз – бірлік пен бейбітшілік.

 

Аюпжан мен Гүлбахрам Сескаевтар (ұйғыр отбасы):

– Ұлтымыз әртүрлі болса да, жүрегіміз бір. Біздің көшеде ең бастысы – адамның ұлты емес, оның адамгершілігі маңызды. Түрлі жағдайлар туындаса да, бір-бірімізге қолұшын беруді қашанда бірінші орынға қойып келеміз. Иншалла, осы береке-бірлігімізден айырмасын деп тілек тілеп отырамыз.

 

Рүстем мен Зәуреш Күртібаевтар (қазақ отбасы):

– Қазақ жері түрлі ұлттарды бауырына басқан асыл мекен. Біз де көршілерімізбен бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз. Өзім медбике ретінде әрдайым көршілеріме көмек қолын созуға дайынмын. Біздің балаларымыз да ұлтқа бөлінбей бірге ойнап, бірге өсіп келеді. Бейбіт өмір мен татулықтың шынайы көрінісі осы болар.

 

ТҮЙІН: Түрлі тағдырлар тоғысып, татулық ортасына айналған мекенде ең бастысы, ниет пен армандар тоғысқан. Мұндағы тұрғындар достық пен өзара сыйластықты өмір заңы ретінде қабылдаған. Ендеше, 1 мамыр – тек мереке емес, жүректердің үндескен күні. Әртүрлі ұлт өкілдерінің бір көшеде бір отбасыдай тату өмір сүруі – Қазақстандағы бейбіт өмір мен келісімнің жарқын белгісі. Құрманов көшесінің ынтымағы әр аулаға, әр көшеге үлгі болса екен дейміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бірлік #ұлт өкілдері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);