Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / «Birgemiz: Taza Álem» жобасына 8 мың эковолонтер т...

«Birgemiz: Taza Álem» жобасына 8 мың эковолонтер тартылады

Өмір-өзен 31.08.2022, 10:44 1,712
«Birgemiz: Taza Álem» жобасына 8 мың эковолонтер тартылады
Сурет: Dm-centre.ru

Экологиялық жоба 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.


«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында еріктілер Қазақстанда экологиялық акцияларды ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру бастамаларын қолға алған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.


«Birgemiz: Taza Álem» жобасының негізгі мақсаты – экологиялық мәселелерді шешуде азаматтарды еріктілік қызметке, қоршаған ортаны қорғауға, өзендер мен ормандарды тазартуға, ағаш талдарын отырғызуға, қоқысты сұрыптауға және экологиялық қауіпсіздікті сақтауды үйретуге тарту. Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.


Жалпыұлттық жоба шеңберінде экология, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік саласындағы волонтерлерді даярлау және оқыту жүргізіледі. 2024 жылдың соңына дейін жалғасатын жобаға кемінде 8 мың эковолонтер тартылмақ.


«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ шағын гранттарды ұсыну жөнінде конкурс өткізді. Волонтерлік бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық проблемаларды шешуге қоғамның назарын аудару, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету сияқты бағыттарды қамтиды. Әр гранттың мөлшері 300 мың теңгені құрайтынын айта кету керек.



«Биыл шағын гранттар байқауына 104 өтінім келіп түсті. Оның ішінен тәуелсіз комиссия 30 үздік жобаны анықтады. Өтінімдердің басым бөлігі Жамбыл облысынан келіп түсті. Қоғам белсенділері қоғамға қажетті көптеген қызықты эко-бастамаларды ұсынды. Эко-белсенділердің еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосқысы келетіні қуантады»,- дейді «Әлеуметтік жобалар қоры» КҚ жетекшісі Ербол Кеңгербаев.



Мәселен, «Жаңаарқаның іскер әйелдері» ҚБ өз жобасы арқылы Жаңаарқа ауданына қарасты Ынтымақ ауылының тұрғындары арасында экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруға бағытталған шараларды ұйымдастырады. Бұл жоба жергілікті туризмді дамытуға оң ықпал етеді.


Ал «JASYL SAQŞY» жобасы еліміздің ірі мегаполисі - Шымкентте іске асырылады. Қалада қоршаған ортаны қорғау саласында профилактикалық және әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыратын эко-еріктілер пулы құрылады деп күтілуде.


Айта кетсек, елорда белсенділері волонтерлік бастамаларды іске асыруға және экологиялық проблемаларды шешуге қоғамның назарын аударуға бағытталған «ЭкоДобро» жобасын бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #жоба #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі