Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 632 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 199 өрескел бұзушылық бар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын мас күйінде басқару – 12 дерек;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 2;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 1;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 76 дерек;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 69 дерек;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 9 дерек;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 30 дерек.
Сонымен қатар, 27 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.