AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Бір пәтерге 930-дан астам адам тіркелген

Бір пәтерге 930-дан астам адам тіркелген

Заң мен тəртіп 24.05.2024, 10:27 768
Бір пәтерге  930-дан астам адам тіркелген
Сурет: Astanatv.kz

Мұндай заңсыздық Астана қаласында орын алған. 

Бас прокуратура алқасының отырысында орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бас Прокурор Берік Асылов көші-қон ағындарының ұлғаюы жағдайында көші-қонды бақылап қана қоймай, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететіндей бағыттау қажет екенін атап өтті.

Отырыс барысында прокурорлық тексерістердің нәтижелері баяндалды.

Алты өңірде (Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Астана қалалары) прокурорлар заңсыз көші-қон арналарын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Мысалы, Қарағанды облысында ХҚКО, медициналық мекемелер мен "көмекшілер" деп аталатын қызметкерлерді қамтитын қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, олар ақша үшін еңбек шарттарын, медициналық анықтамаларды қолдан жасап, тұрғын үйді жалған тіркеуді ресімдеген.

Қордай ауданында Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен 20 пәкістандыққа шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған Қазақстан мен Қырғызстанның үш азаматы ұсталды.

Олардың бірі мигранттарды көлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз еткен және ол сотталды, қалған екеуіне қатысты іс сотқа жолданды (М есімді азамат бас бостандығынан айыруға сотталды, А және О есімді азаматтарға қатысты іс сотқа жіберілді).

Прокурорлар жалған мекенжайлар бойынша және "резеңке пәтерлерде" тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады.

Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, бірақ онда бір ғана отбасы тұрған.

Алматы облысында осындай 13 мың факті анықталды.

Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#резеңке пәтер #тіркеу #заңсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бүгін 14:25

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактив арт-нысан орнатылды

Бүгін 14:04

Наурыз әлде Жаңа жыл: Қазақстандықтар осы екі мерекенің қайсысына көбірек шығындалады?

Бүгін 12:51

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика