AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір миллион қазақстандық зейнетақы жинағын өз қаже...

Бір миллион қазақстандық зейнетақы жинағын өз қажетіне пайдаланды

Әлеумет 03.03.2022, 10:48 1,652
Бір миллион қазақстандық зейнетақы жинағын өз қажетіне пайдаланды
Сурет: Azh.kz

Зейнетақы жинағын алғандардың арасында алматылықтар көп.


2021 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін 1 миллионнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарына баспана алды, емделуге жұмсап, өзге қаржы институттарына сенімгерлік басқаруға берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтары мен осы жылдың 1 наурызы аралығында 967 853 қазақстандық зейнетақы жинағының шекті мөлшерден асатын сомасын үй жағдайын жақсартуға алу үшін өтінім берді. Оларға қордан 2,7 трлн теңге қаржы аударылды. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 3,1 млн теңге болды. Зейнетақы жинағын алғандардың басым көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Маңғыстау облысының тұрғындары.



Айта кетерлігі, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына өтініш берушінің өтініші және өзге де себептермен 379,9 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды. Себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.



Сонымен қатар 198 657 азамат зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану үшін өтінім берді. Жалпы сома 176,4 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте алуға болатын орташа сома – шамамен 0,9 млн теңге. Бірақ, өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептермен белгіленген мерзімде пайдаланылмаған 19,9 млрд теңге салымшылардың шоттарына қайтарылды.



БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт инвестициялық портфельді басқарушымен шарт жасасқан. Осылайша салымшылардың 7,6 млрд теңгесінің 45,86% немесе 3,46 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ-қа, 27,65% немесе 2,09 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ-қа, 15,97% немесе 1,21 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ-қа, 10,53% немесе 0,80 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ-қа аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #накопления #пенсия #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);