Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір жылда жеті мыңнан астам қазақстандық онлайн ку...

Бір жылда жеті мыңнан астам қазақстандық онлайн курстан өтті

Әлеумет 08.02.2022, 03:41 1,145
Бір жылда жеті мыңнан астам қазақстандық онлайн курстан өтті
Сурет: Realnoevremya.ru

Арнайы платформаға 13,4 мың қазақстандық тіркелген.


Бес мыңнан астам жұмыссыз жүрген қазақстандық өткен жылы онлайн режимде курстан өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өткен жылдың шілде айында skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 7,4 мыңнан астам азамат, оның ішінде 5,4 мың жұмыссыз курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 13,4 мың қазақстандық тіркелді», - делінген Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бұл ретте 5,4 мың жұмыссыз азаматтың 2,3 мыңы – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарының жастары.


Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыттар бойынша 100-ден астам курстар жарияланды, олардың 58-і – тегін. Курстардың ұзақтығы - 1 сағаттан 72 сағатқа дейін.


2021 жылы «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Кассир», «Выращивание клубники от А до Я» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі дайындалу технологиясы» курстары сұранысқа ие болды



«Ағымдағы жылдың қаңтар айында біз тіркелген 649 пайдаланушы мен сертификат алған 110 білім алушыны алдық. Сонымен қатар, жұмыссыз адамдарды мемлекеттік қолдау аясында осы жылы біз 20 мың адамды онлайн режимде кәсіби оқытумен қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді «ЕРДО» АҚ президенті Дәулет Арғандықов.



skills.enbek.kz платформасы жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған.



«Платформа маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылды. Онда кез-келген адам оқи алады және оқу нәтижелері бойынша дағдыларды игеру туралы сертификат ала алады», – дейді «ЕРДО» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.



Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе enbek.kz электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.


Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқынын, оқыту тілін және материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды. Оқу процесінде білім алушы өзінің оқу жетістіктерінің прогресін бақылай алады.


Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.


Бұл сертификат enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Бос жұмыс орындарын іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады.


Онлайн курстарды жасаушылар платформада автор ретінде тіркеле алады. Авторлар мен әзірлеушілер үшін платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстарды құруға арналған құралдарды қолдану өте оңай.


Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақтығы 6-дан 144 сағатқа дейін. Курстарда ақпаратты ұсынудың әртүрлі форматтары болуы тиіс: мәтін, презентациялар, бейне және аудиоматериалдар, инфографика және басқа да түрлері. Сондай-ақ курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін ұсынады.


skills.enbek.kz платформасында тіркелу және жұмыс істеу бойынша барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен төмендегі нөмірлер бойынша байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#курс #жұмыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

6 жылда 911 шақырым жаңа теміржол салынды

Бүгін 12:34

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарады

Бүгін 12:17

Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 елдің тізімі шықты

Бүгін 12:03

Еліміздің барлық сауда орындарында 10-70 пайыз аралығында жеңілдіктер жүреді

Бүгін 11:44

Донорлыққа келісім бергендердің саны көбейді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика