AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бір адамның бірнеше банктен несие алу мүмкіндігі б...

Бір адамның бірнеше банктен несие алу мүмкіндігі болмайды

Әлеумет 27.04.2022, 09:50 1,213
Бір адамның бірнеше банктен несие алу мүмкіндігі болмайды
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дания Еспаева мәлім етті.


Атап айтқанда, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Осы орайда интернет-алаяқтыққа байланысты тәуекелдерді төмендету және қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің деңгейін бақылау мақсатында кредиттік бюроларға ақпаратты ұсыну мерзімдерін қарызға байланысты базалық мәліметтер бойынша 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.



«Қазіргі кезде несие алу саласында алаяқтық жағдайлары көп кездеседі. Неге осындай фактілер кездеседі? Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Біздің түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараттары бір күннің ішінде тіркеледі. Енді бір-екі күннің ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды. Себебі кредиттік бюрода бұл адамның бір банкте несие алғаны туралы мәлімет тіркеліп тұрады. Сәйкесінше, оның қарыз жүктемесі есептеледі», - Д.Еспаева.



Осы орайда депутат несие алған адамның қарыз жүктемесін ескере отырып, басқа банк кредиттік бюро базасы арқылы бұл мәліметтерді көріп тұратынын айтты.



«Екінші банк қайтадан несие алуға келген адамның мүмкіндігін қарап, оның табысы несиені өтеуге жетпейтінін көріп, оның өтінішін мақұлдамайды. Сонымен қатар, бұл қадамдар интернет-алаяқтыққа да тосқауыл қояды», - деді Дания Еспаева.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #несие #Заң жобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29

Маңғыстау облысында Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін 17:19

Қазақстан мобильді интернет бағасы мен жылдамдығы бойынша үздіктер қатарына енді

Бүгін 17:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);