Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылау...

Биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылау күшейтілді

Медицина 26.04.2025, 11:09 595
Биологиялық белсенді қоспалардың айналымын бақылау күшейтілді
Сурет: www.istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы айналымдағы биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда ББҚ-ны сатуға өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және Еуразиялық экономикалық одақ куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілгеннен кейін ғана жол беріледі.

Тіркеу рәсімін ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақ тағамтану академиясының және ЕАЭО елдерінің басқа да ғылыми-зерттеу институттарының сараптамалық қорытындыларының негізінде жүзеге асырады.

Сатуға рұқсат бермес бұрын барлық ББҚ-лар мыналарға сәйкестікке міндетті зертханалық зерттеулерден өтеді:

* микробиологиялық, токсикологиялық және физика-химиялық көрсетілімдер;
* дәрумендер мен биоактивті заттардың белгіленген нормалары;
* тыйым салынған компоненттердің — улы өсімдіктердің, жануарлардан алынатын өңделген өнімдердің, патогендік микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың болмауы жөніндегі талаптар.

Жаңа бақылау шаралары: 2024 жылдан бастап елімізде ақпараттың дұрыстығы мен мемлекеттік тіркеудің болуы тұрғысынан БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ББҚ жарнамасына мониторинг енгізілді.

2025 жылдан бастап ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда, ол мыналарды қамтамасыз етеді:

* бүкіл жеткізу тізбегінің ашықтығы,
* өнімнің соңғы тұтынушыға дейін бақылануы,
* халықтың сенімін арттыру.

ББҚ-ларды сатуға тыйым салынады, егер:

* мемлекеттік тіркеу жоқ,
* жарамдылық мерзімі аяқталған,
* сақтау шарттары бұзылған,
* қаптамада құрамы, қарсы көрсетілімдері және өндірушісі туралы міндетті ақпарат жоқ болса.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі тұтынушылардың назарын аударады: биологиялық белсенді қоспаларды қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
ББҚ-ларды бақылаусыз қабылдау, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарда, жүкті әйелдер мен балаларда асқынуларға әкелуі мүмкін.

ББҚ-ларды сатып алғанда, міндетті түрде мыналарды тексеріңіз:

* Қазақстанда тіркеу куәлігінің болуы;
* өнімнің толық құрамы («табиғи компоненттер» сияқты түсініксіз тұжырымдарсыз);
* өндіруші және өндіретін ел;
* жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары;
* дұрыс және толық таңбалау (қолдану тәсілі, қарсы көрсетілімдер, сақтық шаралары).

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында биологиялық белсенді қоспалар айналымы саласындағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ББҚ #бақылау #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика