AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада елімі...

Биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада елімізде өтеді

Білім және ғылым 08.02.2024, 11:02 1,364
Биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада елімізде өтеді
Сурет: Gov.kz

7-14 шілде аралығында Астана қаласында биологиядан IBO-2024 35-ші халықаралық олимпиадасы өтеді.


Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Халықаралық биология олимпиадасы (IBO) – әлем елдерінің орта мектеп оқушылары арасындағы ең бәсі жоғары бәсеке және білім саласындағы ең ауқымды шаралардың бірі. Қазақстандық мектеп оқушылары ғылыми жарысқа 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль және 14 құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Қазақстанның мұндай беделді іс-шараны өткізу орны ретінде таңдалуы да сондықтан.


Биылғы олимпиадаға 80 елден 350 оқушы қатысады деп күтілуде. Додада 40-тан астам жүлде таласқа салынады. Еліміздің құрама командасы сапында төрт оқушы бар.



«Оқу жылының басынан бастап олимпиада тапсырмаларын халықаралық деңгейде әзірлеу бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Тапсырмалар биохимия, молекулалық биология, биоинформатика, анатомия және жануарлар физиологиясы саласын қамтиды. Бүгінгі таңда биологиядан Қазақстанның олимпиадалық құрамасы алдағы жарыстарға қызу дайындалып жатыр, «Дарын» орталығында оқу-жаттығу жиындары өтуде. Олимпиада аясында қазақстандық педагогтер үшін биологиядан олимпиада есептерін шешу бойынша шеберлік сабақтары, семинарлар және әлемнің жетекші ғалымдарының ғылыми-тәжірибелік конференциялары өтеді», - деп атап өтті комитет төрағасы.



Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен IBO Халықаралық ұйымдастыру комитетінің төрайымы Ленка Либусованың кездесуі өткен болатын. Тараптар зияткерлік сайысты ұйымдастыру мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық білім беруді дамыту перспективаларын талқылады.


Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 580 медальға ие болды, оның ішінде 23 медальді ең беделді жеті әлемдік олимпиадада жеңіп алған: IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO, IGeO, IOI. Оларға біржолғы ақшалай сыйлық берілді: алтын медаль алғандарға – 1500 АЕК, күміс үшін – 1000 АЕК, қола үшін – 500 АЕК, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге базалық жалақының 8,5-тен 26,5 еселенген мөлшерінде сыйақы төленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Биология #халықаралық олимпиада #мектеп #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика