AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім саласындағы серіктестік: басымдық – тіл үйре...

Білім саласындағы серіктестік: басымдық – тіл үйрену мәдениетінде

Білім және ғылым 02.05.2025, 09:33 931 Bakyt
Білім саласындағы серіктестік: басымдық – тіл үйрену мәдениетінде
aqshamnews.kz

Алматыда француз тілі оқытудың өзекті мәселелері талқыланды: халықаралық серіктестік пен инновациялық әдістер назарда

Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында Алматы қаласы Бостандық ауданының №22 мектеп-гимназиясында «Француз тілін оқытудың заманауи мәселелері, тәжірибе алмасу» атты ауқымды семинар өтті. Бұл шара екі ел арасындағы білім беру саласындағы жол картасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Семинар аясында Алматы мектептерінде француз тілін оқытудағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Іс-шараға Ренне қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы Жанар Авард-Түребаева, EDU Stream халықаралық компаниялар тобының директоры Наталья Мухамеджанова, «Саналы Білім Баспасы» баспасының PhD докторы Дана Жантемирова, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек және аудан мектептерінің директорлары қатысты.

Айгүл Қасымбектің айтуынша, семинардың басты мақсаты – француз тілін оқытуда заманауи тәсілдерді енгізу, табысты тәжірибелермен бөлісу және оқытудың сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістемелерді талқылау. Бұл – оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығын арттырып, халықаралық білім стандарттарына сай даярлау үшін маңызды қадам.

Семинарда №22, №105 және №145 мектептерінің француз тілі пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық технологияларды қолдану арқылы пәнді тиімді әрі қызықты түрде жеткізу жолдарын ұсынды. Инновациялық тәсілдер, соның ішінде интерактивті платформалар мен онлайн ресурстардың маңызы атап өтілді.

Семинар аясында №22 мектеп-гимназиясында жаңа француз тілі кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи құралдармен жабдықталған кабинет оқушылардың тілді меңгеру үдерісін жеңілдетіп, оларға мәдени тұрғыдан да жаңа көкжиектер ашады. Бұл – оқушылар үшін тек тіл үйрену ғана емес, Франция мәдениетін тереңірек танудың да мүмкіндігі.

Іс-шара барысында оқушылар дайындаған «Суреттеріміздегі Франция нұры» атты шығармашылық көрме ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар, француз тілінде оқылған өлеңдер мен әндер семинар қонақтарының ыстық ықыласына ие болды. №22 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы, Республикалық пәндік олимпиаданың француз тілі бойынша ІІ орын иегері Жанель Тен арнайы құттықтауға ие болды.

Француз тілін оқытуға арналған бұл семинар – Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-танымдық байланыстарды тереңдетуге бағытталған маңызды бастама. Мұғалімдер мен білім саласының мамандары үшін тәжірибе алмасудың осындай алаңдары оқытудың сапасын арттырып, халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#француз тілі оқыту #Франция #инновациялық білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);