Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Білім мен қызыққа толы жаз

Білім мен қызыққа толы жаз

Барлығы 03.06.2025, 10:18 870
Білім мен қызыққа толы жаз
Сурет: aqshamnews.kz

Қазіргі таңда Алматы қаласының мектептерінде жазғы демалысты пайдалы әрі мазмұнды өткізуді мақсат еткен этнолагерьлер жұмыс істеп жатыр.

 Баланың демалысын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға бағытталған бұл жобалар ата-аналар тарапынан жоғары бағаға ие болуда.

Алатау ауданындағы №196 жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған «EcoCAMP» атты жазғы лагерь – соның жарқын бір мысалы. Мектеп директоры Гүлмира Бүркітбайқызының жетекшілігімен жүзеге асып жатқан бұл жобаны білікті ұстаз Айжан Серікқалиқызы үйлестіруде. Өз ісіне жанашыр ұйымдастырушылардың арқасында лагерь шын мәнінде баланың жазғы демалысын мазмұнды білім мен қызыққа толы тәжірибелік алаңға айналдырып отыр.

Ата-аналардың айтуынша, бұл жай ғана уақытша ойын-сауық алаңы емес – баланың жан-жақты дамуына арналған ерекше орта. Лагерьге қатысқан оқушылар әр күнін жаңа тақырыппен қарсы алуда. 10 күн – 10 түрлі бағыт: химия, астрономия, экология, биотехнология, робототехника сынды ғылым салалары балаға ойын арқылы таныстырылады. Балалар өз қолдарымен вулкан жасап, микроскоппен зерттеу жүргізіп, робот құрастырып, тіпті ракета ұшырып көреді.

Алматылық ата-ана, Алатау ауданының тұрғыны Гүлмира Болатқызы Ақанова бұл лагерьге ерекше ризашылығын білдіріп, редакциямызға хат жазыпты. Оның қызы Айару Жұмағазы «Bablgam» атты топта болып, ерекше әсерлі күндерді басынан өткеріп жатыр екен. «Біз бала күнімізде көрмеген тәжірибелерді қазір балаларымыз көріп, жасап үйреніп жүр. Бұл – үлкен жетістік», – дейді анасы.

Лагерьдегі тағы бір жаңашыл жоба – «Қазына картасы» мен «Қазына тиыны» атты ынталандыру жүйесі. Балалар күн сайынғы тәртібі мен белсенділігі, жақсы әрекеттері үшін тиын алып, оны арнайы сандыққа жинайды. Бұл – балаларды өз әрекетіне баға беруге, жауапкершілікке үйрететін тиімді тәсіл. Кешкілік кері байланыс кезінде олар не үйренді, не ұнады, қандай қиындық болды – бәрін бірге талқылайды.

– Баламыздың көзі жанып, әрбір күннен жаңа нәрсе үйреніп, шабыттанып келгенін көру – ата-ана үшін ең үлкен қуаныш. Осындай ерекше форматта жазғы демалыс ұйымдастырып, балаларға білім мен қуаныш сыйлаған мектеп ұжымына, лагерь ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Бұл біз үшін балалық шақтың ең тәтті естеліктерінің бірі болып қалары сөзсіз, – дейді Айарудың анасы.

Ол тәрбиешілердің әр балаға жеке көңіл бөліп, еркелетіп, шабыттандырып отырғанын ерекше атап өтті.

Лагерьге жетекшілік еткен Айжан Серікхалиқызының айтуынша, мұндай жазғы мектептер – тек уақыт өткізу емес, баланың болашағына жасалған инвестиция. «Балалар ғылыммен, шығармашылықпен, жаңашыл оймен таныса отырып, өз-өзіне сенуді, өз ойын жеткізуді үйренеді. Бұл да – үлкен өмірге дайындық», – дейді ол.

Креативті атаулар берілген топтар – «Bubblegum», «Unicorns», «EcoСарбаздар» – балалардың қызығушылығын арттырып, лагерь өмірін жарқын әрі ұмытылмас етті. Ұстаздар мен тәрбиешілердің шығармашылықпен, махаббатпен жасаған жұмысы – әр баланың жүрегінен орын алды.

Қорыта айтқанда, №196 мектеп жанындағы «EcoCAMP» лагері – білім мен тәрбиені, ғылым мен ойынды, эмоция мен дамуды үйлестіре білген бірегей жазғы жоба. Осындай лагерьлер көптеп ұйымдастырылса, балалар үшін жазғы демалыс тек ойын емес, өмірлік мотивацияға айналатыны

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«EcoCAMP» #лагерь #қызықты жаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика