AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Білім жүйесінің 30 жылдық белесі

Білім жүйесінің 30 жылдық белесі

Тәуелсіздік-30 19.10.2021, 06:11 1,412
Білім жүйесінің 30 жылдық белесі
almaty-akshamy.kz

Тәуелсіздік жылдарындағы білім жүйесі туралы кітап жарық көрді





Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жаңғырту» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz BAQ.kz сілтеме жасап.


Кітаптың авторы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ресей мемлекеттік білім академиясының академигі Алма Әбілқасымова.



Кітапта еліміз Тәуелсіздік алған 30 жылда білім жүйесі қалай дамып, жаңғырғаны баяндалады. Сондай-ақ кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.


Тұсаукесер жиыны барысында автор кітапты жазуға не себеп болғанын айтып берді.


- Кітапты жазуға қалам алу себебім - осы 30 жылдың ішінде елімізде білім жүйесінің соншалықты дамығаны, білім жүйесіне мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп, қомақты жұмыс істелгені арқау болды. Сондықтан 30 жылда білім жүйесінде жасалған жұмыстың барлығы кітапта жазылды. Мемлекет, Елбасы тарапынан қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, Білім және ғылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар, Тәуелсіздік алған кездегі қиыншылықтар. Сондай-ақ 1992 жылы қабылданған "Білім туралы" заң, осы заңның аясында талай іске асқан шаруалар, оқулық жасау тарапынан қабылданған мемлекеттік құжаттар барлығы қамтылды, - дейді Әбілқасымова.




Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов автор Тәуелсіздік жылдары білім саласында еңбек етіп, сол тұстағы жағдаймен етене таныс екенін айтты.
- Кітаптың авторы - осы 30 жылдық тарихты жасаған адамның бірі. Қазір ел Тәуелсіздігінің бірінші күнінен бастап барлық салада көптеген қателік кетті деген даулар айтылады. Автор сол кездегі жағдайды нақты дәлелмен келтіріп жазған. Өйткені өзі сол үдерістің ішінде болып, жүріп өткен тарихты баяндаған. Бұл жан-жақты зерттелген, толық қамтылған алғашқы еңбек. Сонысымен қазіргі көптеген сұраққа жауап беріп отыр, - дейді Алшанов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#тәуелсізді #білім #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);