конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назары...

Білім және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында

Білім және ғылым 06.10.2022, 11:37 2,013
Білім және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында
Сурет: 24.kz

Бұл туралы халықтық коалиция форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Мен қоғамда заңдылық пен тәртіптің қатаң сақталуына баса мән беремін. Мұны үнемі айтып жүрмін. Осы ретте, тұрмыстық зорлық-зомбылық, адам және есірткі саудасы үшін жаза күшейтілді. Браконьерлікке қарсы заңдарды қатайттық. Табиғатты қорғау жұмысын мемлекеттік деңгейге көтердік. «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша тәртіп сақшыларының қызметін реформалау басталды», - деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.



Президент білім, ғылым саласын дамытуға айрықша назар аударылатындығын баса айтты.



«Қала және ауыл мектептері арасындағы айырмашылықты жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Білім сапасы төмен жоғары оқу орындары жабыла бастады. Дарынды жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант беріле бастады. Жас ғалымдарға әлемнің беделді ғылыми орталықтарында озық білім алу үшін 500 және «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді. Жалпы, білім беру және ғылым саласы әрдайым мемлекеттің назарында болады. Мен бұл салаларға ерекше мән беремін. Қоғамда білім үстемдігін қалыптастыратын кез келді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #коалиция #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Кеше 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);