Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім берудегі цифрлық шешімдер: Өсудің жаңа мүмкі...

Білім берудегі цифрлық шешімдер: Өсудің жаңа мүмкіндіктері

Білім және ғылым 27.02.2025, 22:45 818
Білім берудегі цифрлық шешімдер: Өсудің жаңа мүмкіндіктері
№2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі

Алматы қаласының колледждері қазіргі заман ағымына сай дамып келеді. Осы орайда, 2025 жылдың 26 ақпанында №2 Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжінде кәсіби оқыту үдерісіне жасанды интеллект мүмкіндіктері сәтті енгізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аталмыш шара «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында өткен «Педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысын ұйымдастыру» атты қалалық әдістемелік семинар барысында талқыланды.

Іс-шараның басты мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және педагогикалық қызмет сапасын көтеруге бағытталған инновациялық әдістер мен тәжірибелерді талқылау. Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасының Ғылыми-әдістемелік жаңа технологиялар орталығының (ҒӘЖТО) Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) бөлімінің өкілдері, мемлекеттік колледж директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер мен оқытушылар қатысты. Қатысушылар педагогикалық шеберлік мектебін тиімді ұйымдастыру және білім беру үдерісіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Семинар аясында «Цифрлық білім беру ресурстары мен жасанды интеллект құралдары арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және бағалау» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шара барысында спикерлер жасанды интеллектіні білім беру саласында сәтті қолдану тәжірибесімен бөлісті. Тренингтің тәжірибелік бөлімі педагогтерге білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін заманауи цифрлық құралдармен танысуға мүмкіндік берді.

Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Гүлнара Жәлелқызы Сүлейменованың айтуынша, бұл семинар педагогикалық тәжірибе алмасудың өзектілігі мен қажеттілігін көрсетіп, кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға, әрі педагогикалық шеберлікті жетілдіру саласында одан әрі ынтымақтастық орнатуға негіз болады.

Қалалық әдістемелік семинардың өткізілуі туралы толық ақпаратты колледждің ресми сайтынан оқи аласыз: https://pedcollege2.edu.kz/

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цифрлық білім беру ресурстары #білім #жасанды интелект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қабырғаға ұрып, үстіне секірген: Алматыда мысықты қорлаған жасөспірімнің видеосы тарады

Бүгін 14:45

Ақтөбеде шахтерлер мен ойын-сауық орындарын бопсалаған қылмыстық топтар ұсталды

Бүгін 14:27

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирде екі бірдей сында жартылай финалға шықты

Бүгін 14:16

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика