ffin.kz

Білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды

Білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды Almaty-akshamy.kz

«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:

1.   Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 82 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ахрименко көшесі, 4 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

2.   Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 91 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы. 

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Докучаев көшесі, 31 А үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1962 жылдан бері жұмыс істейді.

3.  Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 152 мектеп-гимназия» КММ басшысы. 

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ұлжан-1 шағын ауданы, 81 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 2009 жылдан бері жұмыс істейді.

4. Алматы қаласы Білім басқармасының «М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы. 

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жароков көшесі, 18 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

5.   Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 122 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы. 

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 3 ықшамауданы, 52 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

6.    Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 133 мектеп-гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ақсай-1 шағын ауданы, 26 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1989 жылдан бері жұмыс істейді.

7.    Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 40 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 шағын ауданы, 55А үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1978 жылдан бері жұмыс істейді.

8.    Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 45 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 шағын ауданы, 55 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1980 жылдан бері жұмыс істейді.

9.    Алматы қаласы Білім басқармасының «Тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған № 10 жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Каблуков көшесі, 93 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру.2003 жылдан бері жұмыс істейді.

10.   Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 2 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы,Черкасской обороны көшесі, 71 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1961 жылдан бері жұмыс істейді.

11.   Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 193 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Кемел ықшамауданы, 54 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1996 жылдан бері жұмыс істейді.

12.   Алматы қаласы Білім басқармасының «Шоқан Уәлиханов атындағы № 12 мамандандырылған гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 79 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

13.   Алматы қаласы Білім басқармасының «73 Гвардиялық Қызыл тулы Сталинград Дунай атқыштар дивизиясы атындағы № 64 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Оренбургская көшесі 17 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1962 жылдан бері жұмыс істейді.

14.    Алматы қаласы Білім басқармасының «Қасыл Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназия» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Көк-төбе шағын ауданы, Сагадат Нурмагамбетов көшесі, 69 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1979 жылдан бері жұмыс істейді.

15.  Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 192 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, микрорайон Қарағайлы, Қали Надыров көшесі, 50 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 2015 жылдан бері жұмыс істейді.

16.  Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 142 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жұлдыз-1 шағын ауданы, 20 үй.

Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1990 жылдан бері жұмыс істейді.

Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне байланысты - 202 807 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.

Біліктілікке қойылатын талаптар:  

·     жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

·     немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

·     осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшысы (директоры) үшін:

·     жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде 2 жыл;

·     немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

·     осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

Лауазымдық міндеттері: 

·     білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;

·     педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;

·     педагогикалық кеңесті басқарады;

·     мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді;

·     білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;

·     оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;

·     заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;

·     қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;

·     педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;

·     білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

·     жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

·     Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;

·     оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

·     ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

·     ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

·      оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады;

·      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

·      Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

·      нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;

·      педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

·      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

·      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

·      жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;

·      педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

·      өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;

·      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;

·      мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

·      өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;

·      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

·      білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

 

Білуге міндетті:  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері;мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;педагогикалық этиканың нормалары; менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, ҚР Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурсты өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 үй мекенжайында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

         «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады: 

1)      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)      жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3)      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;

4)      білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5)      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6)      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)      психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)      наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)      біліктілік тестілеу сертификаты;

10)    Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

11)    түйіндеме.

12)    Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).

13)    біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. 

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 , Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok90@mail.ru..

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.

Басқарушылық құзыреттерді, жеке психологиялық бейінді анықтауға бағытталған құзыреттерді бағалауға арналған тестілеуді өткізу күні, уақыты және орны қосымша хабарланатын болады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.

Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап                  3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында онлайн режимде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77073583242. Элекрондық адрес: service.ok90@mail.ru.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52