конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға...

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады

Білім және ғылым Бүгін 12:12 40 yakiya
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады

Өтінімдерді онлайн түрде 13 шілде күні сағат 09:00-ден 20 шілде күні сағат 18:00-ге дейін тапсыруға болады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда 2026 жылғы 13 шілдеден бастап eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады.

Биыл қызметке бірқатар жаңашылдық енгізілді. Енді жүйе талапкерге конкурстан тыс мемлекеттік білім беру грантының тағайындалған-тағайындалмағанын автоматты түрде тексереді.

Тексеру Ұлттық тестілеу орталығының деректері негізінде автоматты түрде жүргізіледі. Егер талапкерге конкурстан тыс мемлекеттік білім беру гранты берілген болса, өтінім беру кезінде жүйе бұл туралы хабарлама шығарады. Мұндай жағдайда eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы қайтадан өтінім берудің қажеті жоқ.

Қалған талапкерлер өтінімді жалпы тәртіппен тапсырады. Егер талапкер жеңілдік санатына жатса, бұл мәртебе өтінім беру кезінде көрсетіліп, жүйе арқылы автоматты түрде расталады.

Онлайн өтінім беру үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Азаматтарға" – "Білім" – "Жоғары білім" бөліміне кіріңіз;

  • "Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" қызметін таңдаңыз;

  • "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз;

  • қажетті ақпаратты толтырып, сұранымға қолжетімді қол қою тәсілдерінің бірімен қол қойыңыз;

  • өтінімнің қаралу мәртебесін Жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінен қадағалаңыз. Өтінімнің өңделгені туралы хабарлама осы бөлімде көрсетіледі.

eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру тәртібі де дәл осындай.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, өтінім қабылдау кезеңінде порталға жүктеме жоғары болған жағдайда eGov.kz пайдаланушылар ағынын электрондық кезек арқылы реттейді.

Жүйеге кіргеннен кейін пайдаланушы электрондық кезекке қойылады. Кезегі келгенде жүйе қызметке автоматты түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кезекті қолмен бақылап отырмау үшін "Кезегім жақындағанда SMS арқылы хабарлау" белгісін қоюға болады. Бұл жағдайда 1414 нөмірінен Азаматтардың мобильді базасында тіркелген телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Егер мобильді нөмір базаға тіркелмеген болса, оны қолмен енгізуге болады.

Кезекті күту кезінде браузердегі бетті жабуға немесе жаңартуға болмайды. Әйтпесе, пайдаланушының кезектегі орны жойылады.

Өтінім тапсырылғаннан кейін талапкер eGov.kz порталындағы Жеке кабинетінде білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқаны туралы электрондық анықтама алады.

Конкурс қорытындысы бойынша талапкерге білім беру гранты тағайындалған жағдайда, 10 тамыздан кешіктірілмей eGov.kz порталындағы Жеке кабинетінде электрондық сертификат қолжетімді болады.

Егер конкурс нәтижесі бойынша білім беру гранты тағайындалмаса, Жеке кабинетке бас тарту себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Республика алаңы жаңартылып, пайдалануға берілді

Бүгін 11:18

Доллар бағасы қымбаттай ма?

Бүгін 11:09

+46°C: еліміздің кей өңірінде ауа температурасы қауіпті деңгейге көтеріледі

Бүгін 10:04

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Кеше 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Кеше 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);