AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Білім бағдарламаларына AI-Sana жобасы кіріктірілді

Білім бағдарламаларына AI-Sana жобасы кіріктірілді

Білім және ғылым 28.08.2025, 16:16 618
Білім бағдарламаларына AI-Sana жобасы кіріктірілді
Сурет: Freepik.com

Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын жаппай даярлау басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың сөзінше, студенттер өз мамандығы бойынга ЖИ-ді меңгереді.

Биылғы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – білім бағдарламаларына AI-Sana жобасының кіріктірілуі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша AI-Sana бағдарламасы осы жылы іске қосылды. Бұл бағдарлама студенттердің білімді қоғам мен болашақ экономикасы үшін құнды жобаларға айналдыра алуына жағдай жасайды. Әрбір студент өз мамандығында жасанды интеллектті қолдануды меңгеріп, болашақта жаңа технологиялар жасап немесе стартаптар аша алады, - деді Көбенова.

AI-Sana бағдарламасы базалық оқыту, тереңдетілген дайындық, жобалар әзірлеу, акселерация секілді бірнеше кезеңнен тұрады.

Базалық оқыту. Алдымен 100% студент Coursera, Huawei және Astana Hub платформаларында ЖИ негіздерін меңгереді. Бұл білімді барлық бакалаврлар, магистранттар және докторанттар игереді.

Тереңдетілген дайындық. Кейін арнайы әдістемелік бағдарлама жасалып, студенттер кәсіпкерліктің негіздерін, ЖИ-ді нақты жобаларда қолдануды және жаңа идеялар жасауды үйренеді.

Жобаларды әзірлеу. Келесі кезеңде студенттер өз жобаларын жасап, оларды менторлар мен сарапшылардың көмегімен дамытады.

Акселерация. Соңғы кезеңде үздік идеялар стартапқа айналып, акселерациядан өтіп, халықаралық деңгейге шығарылады.

Министрлік өкілінің дерегінше, қазіргі уақытта ЖИ негіздері бойынша курстан 390 мыңнан астам студент өтті, ал 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алды.

Студенттеріміз чат-боттарды белсенді түрде жасап жатыр. 119 жасанды интеллект агенті әзірленіп, тестіленіп жатыр, тағы жүздегені дайындалу үстінде. Бағдарламаны сәтті іске асыру үшін әлемдік сарапшылар мен профессорлар тартылады. Бүгінде жасанды интеллект курстары барлық университеттерде міндетті пәнге айналды. 93 жоғары оқу орны өз бағдарламаларын бейімдеді, ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашты, - деді Гүлзат Көбенова.

Вице-министр нәтижесінде Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын жаппай даярлау басталғанын атап өтті. Бұл еліміздің АҚШ, Қытай және Финляндия сияқты ЖИ-ді кеңінен енгізген алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылуына жол ашады.

Бұл қадамдар қазақстандық білім беру жүйесін нығайтып, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және шетелдік студенттер санын арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #жасанды интелект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика