Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бибісара Асаубаева жеңіс тұғырынан көрінді

Бибісара Асаубаева жеңіс тұғырынан көрінді

Спорт 08.03.2024, 05:29 1,100
Бибісара Асаубаева жеңіс тұғырынан көрінді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өткен «Аэрофлот Опен 2024» шахмат фестивалінде әйелдер арасында чемпион болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Бір аптаға созылған дәстүрлі жарыста FIDE-де рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар опен-турнирде бақ сынады. Сонымен қатар 15 жасқа дейінгі балалар арасында да бөлек бәсеке өтті.


Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек (18-орын), Даниал Сапенов (21-орын), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) сынға түсті. Жалпы биыл қатысушылар саны 500-ден асты.


Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2004 жылы 26 ақпанда Таразда дүниеге келген. Ол – әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық спорт шебері (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021) – шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021). Азия Чемпионы (2021).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #спорт #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика