AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Беске дейін үлгер»

«Беске дейін үлгер»

Әлеумет 14.10.2024, 15:43 2,030
«Беске дейін үлгер»
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына балаларды күту және дамыту бойынша консультациялық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Беске дейін үлгер» мобильді қосымшасы іске қосылуда.

 Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі өкілдерімен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 «Беске дейін үлгер» қосымшасы ата-аналарға үй жағдайында балаларға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды дамыту және балалармен өзара әрекеттесу сияқты маңызды мәселелер бойынша қолжетімді әрі түсінікті контент ұсынады. Қосымшадағы барлық материалдар нейробиологиялық зерттеулердің ғылыми деректеріне негізделіп әзірленген, бұл олардың тиімділігі мен практикалық құндылығын қамтамасыз етеді.

 «Қазіргі уақытта қосымша пилоттық режимде Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы мектепке дейінгі ұйымдарда тестіленуде. Толық ауқымда іске қосу қараша айына жоспарланған. Сондай-ақ контент консультациялық орталықтарда да қолжетімді болады», — деп атап өтті мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

 Ата-аналар мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық қолдау ала алады, бұл отбасыларда үйлесімді атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Беске дейін үлгер #қосымша #консультациялық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Бүгін 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Бүгін 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);