Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Бесік жыры» анимациялық фильмі халықаралық жүлде...

«Бесік жыры» анимациялық фильмі халықаралық жүлдеге ие болды

Мәдениет 14.06.2023, 03:47 1,365
«Бесік жыры» анимациялық фильмі  халықаралық жүлдеге ие болды
Сурет: Halyq-uni.kz

«Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды.


Кинотуынды Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Аурангабад қаласында төртінші мәрте өткен халықаралық фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен талантты кинематографистерді жинады. Биыл байқауға 1300-ге жуық жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 132-і анимациялық фильмдер. Dala animation шығармашылық ұжымы дайындаған «Бесік жыры» мультфильмі қазылардың ең жоғары бағасын алып, көрерменнің көңілінен шықты.


Туынды 2021 жылы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жасалды.


«Айта кету керек, бұл «Бесік жыры» анимациялық фильмінің алғашқы жүлдесі емес. Қазақстандық мультфильм мамыр айында Испания астанасы Мадридте өткен беделді кинофестивальде «Ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған еді. Ол байқауға 1500 анимациялық жұмыс үміткер ретінде ұсынылғанын айта кеткен жөн»,- деді ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Жүдебаев.


Еске салайық, «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі бұған дейін Мадридте жүлде алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бесік жыры #анимациялық фиьм #жүлде
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика