AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Бес жылда 224 кәсіпорға мемлекеттік қолдау көрсеті...

Бес жылда 224 кәсіпорға мемлекеттік қолдау көрсетілді

Экономика 28.04.2022, 03:29 1,766
Бес жылда 224 кәсіпорға мемлекеттік қолдау көрсетілді
inform.kz

Ең үлкен қолдауды машина жасау, агробизнес және металлургия салаларындағы өндірушілер алды.



«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ соңғы 5 жылда 224 өңдеуші кәсіпорынның жалпы сомасы 2,8 млрд теңгенің шығынын өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл ынталандыру шарасы министрдің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қағидалары аясында жүзеге асырылады.



Нәтижесінде отандық кәсіпорындар шетелдік мамандар мен сарапшыларды тарта отырып, өндірісте жаңа технологияларды игеріп, өндіріс көлемін ұлғайтты, өндірістік циклдегі шығындарды оңтайландырды, өнімнің ассортиментін кеңейтіп, сапасын арттырды, сондай-ақ өндірістегі позицияларын нығайтты. Нарыққа 50-ден астам заманауи автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді, 200-ден астам жаңа өндірістік желілер мен жабдықтар орнатылды.



Жалпы, мемлекеттен өтемақы алған кәсіпорындар осы жылдар ішінде қызметінде оң нәтиже көрсетті. Олар жиынтықта өндірісті 50%-дан астамға ұлғайтты, өнімнің жаңа түрлері пайда болды, өнімділік 63%-ға, кәсіпкерлік табыс екі есеге, жалпы салық 3 есеге өсті.


Қазіргі уақытта «QazIndustry» АҚ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру операторларының бірі ретінде «Индустриялық саясат туралы» жаңа заңды іске асыру аясында қолданыстағы мемлекеттік ынталандыруларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуде.



«Осылайша, өзгерістер кәсіпорынның құзыреттілігін арттыруға қатысты шараларды енгізді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін өтемақы төлеу мерзімін, оның ішінде кадрларды қайта даярлауды 3 айға дейін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізілуде. Сондай-ақ автоматтандырылған жүйелерді дамытуға, оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға кеткен шығындарды өтеу қарастырылған. Отандық IT-компанияларды қолдау мақсатында отандық шешімді сатып алу үшін шығындарды өтеу сомасын 40-тан 50%-ға дейін арттыру ұсынылуда. Ережедегі негізгі өзгеріс өтелетін сома сомасына сәйкес қарсы міндеттемелерді енгізу болып табылады», - делінген хабарламада.



Экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар мемлекеттік ынталандыруларды пайдалана алады. Өнеркәсіптік өндіріс субъектілеріне кеңес беру туралы ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: 8(7172) 79 33 90 ішкі 444.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #кәсіпорындар #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының туристік әлеуеті Turkish Airlines-пен жасалған меморандум аясында шетелде ілгерілетіледі

Бүгін 15:52

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 15:46

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 14:45

«Eco Almaty» экология және ауа сапасы туралы танымдық бейнероликтер топтамасын ұсынды

Бүгін 14:08

Алексей Луценко – Азияның ең мықты велошабандозы

Бүгін 12:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);