Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Берел қорғандарынан табылған жәдігерлер Ұлыбритани...

Берел қорғандарынан табылған жәдігерлер Ұлыбританияда өтетін көрмеде таныстырылады

Көрме 21.09.2021, 03:13 2,015
Берел қорғандарынан табылған жәдігерлер Ұлыбританияда өтетін көрмеде таныстырылады
Сурет: Inform.kz

«Ұлы дала алтыны» халықаралық көрмесі Кембридж университінде өтеді


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Ұлыбританияның Кембридж университетінің Fitzwilliam музейінде «Ұлы дала алтыны» халықаралық көрмесін ұйымдастырмақ. Көрменің ашылу салтанаты 28 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 


Мәдени шара Қазақстанның көп ғасырлық тарихы мен бай мәдениеті, ғалымдардың ғылыми ізденістерінің жаңа нәтижесімен таныстыруға мүмкіндік береді. Осыған орай Қазақстан археологиясы жетістіктері «Gold of Kazakhstan» экспозициясында көрсетіледі, мұнда Берел қорғандарынан табылған қаңқалар, киізден және матадан жасалған жылқы әбзелдері көрермендер назарына ұсынылады.


«Зерттеуші Зейнолла Самашев 1998 жылы қорғанның «патша қорымы» кезеңін зерттеу барысында №11 нысаннан алтынмен апталған 13 ат және сол заманның көсемі болған бекзада мен әйелдің сүйегін тапқан.



«Берел жылқылары» деген атаумен белгілі бұл жылқылар тарихымыздың жауһар жәдігерлерінің бірегейіне айналған. Сондай-ақ, ерекше құрылым мен жерлеу рәсімі №36-шы обада тіркелген болатын. Басқа жерде кездеспейтін бұлан тектес сүйектен жасалған жылқының әшекейі. Бұл әшекейдің құндылығы да алтынмен бірдей. Мұндай үлгілер Алтай өңірінің басқа жерлерінде кездеспейді», - деді «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Алмас Сарбасов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тарихи жәдігерлер #қорғандар #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика