AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бензин қымбаттап жатыр

Бензин қымбаттап жатыр

Әлеумет 18.02.2025, 17:10 2,528 yakiya
Бензин қымбаттап жатыр
Элеонора Якия

Алматыда АИ-92 маркалы бензин 2 теңгеге, АИ-95 – 4 теңгеге қымбаттады.

Qazaq Oil, Helios және Sinooil жанармай құю станцияларында бензин бағасы көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл жанармай нарығын ырықтандыру туралы Энергетика министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі алғашы өсім.

16 ақпан кешінен бастап Алматы, Алматы облысы және Астанада жанармай құю станциялары бағаны көтере бастады.

Мәселен Helios жанармай құю станциясында АИ-92 бензині 207 теңгеден сатылса, дизель отынының бағасы 275 теңгені құрайды. Сонымен қатар Sinooil жанармай құю станциясында да баға 2 теңгеге көтерілді.

Сарапшылар бағаның өсуін жанармай нарығының еркін айналымға шығуымен байланыстырып отыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін бағаның 5 теңгеге көтерілуі мүмкін екенін айтқан болатын. Бұл қадам бюджетке түсетін қаражатты арттырып, нарықты жаңа жағдайға бейімдеу үшін қажет деп түсіндірілді.

Қазақстанның жанармай қауымдастығы KC Energy Group және «ҚазМұнайГаз» компаниялары 1 ақпаннан бастап көтерме бағаны көтергенін мәлімдеді. ҚТА есептеуінше, ақпан айының соңына дейін АИ-92 және дизель отыны тағы 4 теңгеге қымбаттауы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бензин #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);