конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айғ...

Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды

Мұны білген жөн 08.07.2026, 11:08 152 yakiya
Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды
Элеонора Якия

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және басқа да мұнай өнімдерін елден әкетуге салынған тыйымды тағы 6 айға ұзартуды жоспарлап отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжат қоғам талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, тыйым 2026 жылғы 22 қарашадан бастап 2027 жылғы 22 мамырға дейінгі аралықты қамтиды. Шектеулер Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге жеткізілетін өнімдерге де қолданылады.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға тыйым салу жоспарланып отыр.

Дегенмен жобада бірнеше ерекше жағдайлар ескерілген. Шектеулер гуманитарлық көмек ретінде жеткізілетін жүктерге, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылатын мұнай өнімдерінің экспортына әсер етпейді.

Энергетика министрлігі ұсынылып отырған шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты түрде жабдықтауға бағытталғанын атап өтті.

Бұйрық жобасын талқылау 21 шілдеге дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде азаматтар өз ескертулері мен ұсыныстарын жолдай алады.

Сонымен қатар жанар-жағармай өнімдерін Қазақстан шекарасынан көрші елдерге заңсыз тасымалдайтындардың қатары көбейіп кеткендіктен шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жанар-жағармай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);