Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Белсенді қарттардың белесі

Белсенді қарттардың белесі

Әлеумет 12.01.2023, 04:46 1,415
Белсенді қарттардың белесі
Суретті түсірген - Айгул КОЛУМБЕТОВА

Шаһарымыздың Әлеуметтік қызметтер үйінде қалалық Ардагерлер кеңесі, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық және аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары өкілдерінің қатысуымен арнайы жиын өтті.


Басқосудың алғашқы сөз кезегін алған қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов қазіргі таңда Алматыда «Белсенді ұзақ өмір сүру» республикалық бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқаны жайында баяндап берді. Қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, дәл қазіргі таңда қаламыздың бірнеше ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының жұмысы жандана бастаған. Сонымен қатар, орталықтарда ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған шаралар кешені жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.



– «Белсенді ұзақ өмір сүру» бағдарламасының маңызы зор. Қоғамдағы көптеген мәселелерді қамтиды. Мәселен, әлеуметтік қамсыздандыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және тағы басқа мәселелердің жүйелі жүргізілуіне мұрындық болып отыр. Бұдан өзге, қазіргі кезде әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қаламыздың бюджетінің мөлшері ұлғая түсуде. Сондай-ақ, ардагерлеріміз белсене атсалысатын «Шыңға өрлеу» бағдарламасына да қосымша ақшалай қаражат бөлінуде, – деп атап өтті Ақан Құсайынұлы.



Сонымен қатар, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы бірлескен басқосудың тағы бір маңызды міндеті – қолға алынып жатқан жұмыстардың жай-күйін талдап, аталмыш бағдарламаны іске асыру барысында болашақта нақты жоспарлар керек екенін де нақтылап берді. Келесі кезекте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарында зейнеткерлерді  ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерімен таныстырып, қаржылық және компьютерлік сауаттылық, банктік және басқа да мәселелер бойынша сабақтар өткізетінін, интернет пен WhatsApp-ты қалай пайдалану керектігін үйрететінін жеткізді. Қаламызда ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарында үйірмелер мен түрлі клубтар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, хор, би, вокал, домбыра үйрету, кино сүйерлер клубы, сәндік-қолданбалы шығармашылық, сурет салу, қолөнер, кескіндеме, мүсін және графика бағытына баулитын  үйірмелер бар. Бұған қоса, зейнеткерлердің шет тілдерін үйренулеріне де мүмкіндік жасалған. Тіпті, әлем мұражайларына виртуалды түрде саяхаттар да жасауға болады.  


Осынау жұмыстардың жүйелі түрде іске асуына тек қалалық әкімшілік қана емес, басқа да құрылымдық салалар мен қаламыздың ардагерлері белсенді түрде атсалысуда.


Жиын соңында арнайы қаулы қабылданып, онда 2023 жылы қаламыздың Ардагерлер кеңесі ұйымдары мен « Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының алдағы атқаратын жұмыстарының нақты мақсаттары белгіленді.




«Аlmaty-akshamу», №4 (6297) 12 қаңтар, 2023 жыл 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар #Бижанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін 14:35

ІІМ Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

Бүгін 14:21

Қар тоқтаусыз жауып жатыр: қала көшелері тәулігіне төртінші рет күреліп жатыр

Бүгін 14:04

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін 12:53

Қазақ дәстүрі: байғазы қашан, ал көрімдік кімге беріледі?

Бүгін 12:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі