AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Белгілі ғалым Құбығұл Жарықбаев өмірден өтті

Белгілі ғалым Құбығұл Жарықбаев өмірден өтті

Өмір-өзен 30.10.2021, 07:00 2,404 Almaty-akshamy
Белгілі ғалым Құбығұл Жарықбаев өмірден өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Фарабитануға зор үлес қосқан ғалым


Педагогика және психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев дүние салды. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Философия кафедрасы Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті, Философия кафедрасының ұжымы педагогика және психология ғылымының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, отандық психология ғылымының құлабызы, философтардың да жаңа буынын қалыптастырып, Фарабитануға зор үлес қосқан ғалым Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың өмірден өтуіне байланысты ұл-қыздарына, туған-туыс бауырларына, жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын!» – деп жазылған желіде.


Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы – 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген.
1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ді бітірген.


1951-1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ-де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 


1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарды.


Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #Құбығұл Жарықбаев #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00

Алматылық Виктория Графеева бокстан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына алтын салды

Бүгін 10:45

«Жүрегімде екенсің...»

Бүгін 10:32

Кімнің өмірі маңызды?

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика