AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Белгілі актер, театр режиссері Оразхан Кенебаев өм...

Белгілі актер, театр режиссері Оразхан Кенебаев өмірден өтті

Әлеумет 06.04.2024, 12:25 1,139
Белгілі актер, театр режиссері Оразхан Кенебаев өмірден өтті
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының қоюшы- режиссері Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев дүниеден озды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев – 1950 жылы 16 наурызда Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Төңкеріс ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері атақтарын алған.


«Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс елшісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттың ғажап әні» (Қожақ), «Ат жылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа да спектакльдерде ойнады.


«Мосфильм» киностудиясының «Дивизия командирінің күні» (Барлаушы), «Қазақфильм» киностудиясының «Әлия» (Солдат), «Өтелмеген қарыз» кинофильмдерінде біраз рөлдерді сомдады.


Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» спектаклі, Б. Мұқайдың «Кавалерлері», О. Боранбаевтың «Баламуты», Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың «Фудзиямадағы кездесу» және басқалар. М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған Халықаралық фестивальда «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін «Ең үздік режиссер» бас жүлдесін алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#актер #қайраткер #режиссер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жүрегімде екенсің...»

Бүгін 10:32

Кімнің өмірі маңызды?

Бүгін 10:15

Алматыдағы корей театры көрерменіне жаңа қойылым ұсынды

Бүгін 09:55

Банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қашан қосылады?

Бүгін 09:06

Елімізге тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Бүгін 08:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика