Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Бекнұр Қысықов: «Бақылаушылар даулы жағдайды тірке...

Бекнұр Қысықов: «Бақылаушылар даулы жағдайды тіркегенімен, соншалықты елеулі заңбұзушылық болған жоқ»

Референдум Бүгін 14:07 90
Бекнұр Қысықов: «Бақылаушылар даулы жағдайды тіркегенімен, соншалықты елеулі заңбұзушылық болған жоқ»

Алматыда өткен референдум кезінде ірі заңбұзушылық тіркелмеді, дауыс беру процесінің ұйымдастырылуы да бұрынғы сайлау науқанымен салыстырғанда айтарлықтай жақсарған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жазушы, экономист және қоғам қайраткері Бекнұр Қысықов осылай деп отыр. Ол тәуелсіз бақылаушыларды оқытып, өзі де қаладағы дауыс беру барысын бақылаған.

Оның айтуынша, референдумды бақылауға Қазақстан бойынша шамамен екі мыңға жуық адам қатысқан. Олардың қатарында «Халық үні» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен дайындықтан өткен еріктілер де болыпты.

«Бүкіл Қазақстан бойынша біздің коалиция мен бақылаушылар бастамасы аясында шамамен екі мың адам қатысты. Бұлар ақша үшін емес, жүрек қалауымен келген жастар. Олар ел өміріндегі маңызды кезеңге қатысып көргісі келді. Біз оларға арнап тренинг өткізіп, бақылау ережелері мен құқықтық нормаларды түсіндірдік. Нәтижесінде олар жеткілікті жоғары дайындық пен кәсібилік деңгейін көрсетті», — деді Бекнұр Қысықов.

Ол сондай-ақ елдің әртүрлі өңіріндегі сайлаушылардың қатысу деңгейі айтарлықтай айырмашылық көрсеткенін атап өтті. Кейбір облыста көрсеткіш 87–90%-ға дейін жетсе, Алматыда мәлімет бойынша шамамен 33% болған.

«Бір қарағанда 33% аз сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ қаланың үлкен екенін де ескеру керек: мұнда адамдар жылдам, саяси процеске де кейде басқаша қарайды. Сондықтан Алматы үшін бұл көрсеткіш те маңызды деп айтуға болады. Ол қала тұрғындарының нақты белсенділігін көрсетеді», — деп түсіндірді қоғам қайраткері.

Бекнұр Қысқовтың айтуынша, бақылаушылар кейбір жекелеген даулы жағдайды да тіркепті. Көбінесе олар учаскелердегі онлайн-трансляциялар, бюллетеньдерді суретке түсіруге әрекеттену немесе дауыс беретін күні әлеуметтік желіде пост жазу сияқты мәселелер болған.

«Қазір блогерлер мен әлеуметтік желідегі белсенділер кейде учаскенің өзінде өз көзқарасын білдіруге тырысады, сондай жаңа үрдіс пайда болды. Кейбір адамдар бюллетеньді суретке түсіріп, оны интернетке жүктеген жағдай да болды, бұған заңда тыйым салынған. Сондай-ақ онлайн-трансляциялар бойынша да пікірталастар туындады: заңда бұл мәселе нақты көрсетілмеген, бірақ мұндай әрекеттер дауыс беру құпиясына кедергі келтіруі мүмкін деген нормалар бар. Осындай түсініспеушілік болды», — дейді ол.

Сонымен қатар бақылаушылар кейбір сайлаушылар бюллетень алып, дауыс бермей, оны өзімен бірге алып кеткенін де хабарлаған. Сондай-ақ кейде дауыс беру кабинасында екі адамның қатар болуы сияқты жағдайлар тіркелген.

Соған қарамастан, қоғам қайраткері атап өткендей, Алматыда елеулі заңбұзушылықтар, мысалы бюллетеньдерді жаппай тастау (вброс) фактілері тіркелмеген. Ол сондай-ақ уақыт өткен сайын сайлау процесін ұйымдастыру деңгейі кәсіби түрде жақсарып келе жатқанын айтты.

«Өткен науқанмен салыстырсақ, ұйымдастыру деңгейі өскен. Учаскелерде ақпараттық стендтер, байланыс нөмірлері, сызбалар, жәшіктердің орналасуы - бәрі стандарт бойынша рәсімделген. Тіпті материалдардың геометриясы мен орналасуы сияқты ұсақ-түйекке дейін кәсіби деңгейде жасалған. Жалпы алғанда дауыс беру тыныш өтті, ал анықталған ескертулерді біз талдап, Орталық сайлау комиссиясына жолдаймыз», — деп қосты Бекнұр Қысықов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылдың көктемгі сәні: гардеробты қалай жаңартамыз?

Бүгін 15:44

«Алматылық легион» баскетболдан Қазақстан чемпионатында өз алаңында екі матчта да жеңіске жетті

Бүгін 15:36

Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгін 15:12

Әнші Рахат Тұрлыханов полиция бөліміне әкелінді

Бүгін 14:59

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика