AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бекнұр Досжан-КИСИКОВ, жазушы: Партияларды бюджет...

Бекнұр Досжан-КИСИКОВ, жазушы: Партияларды бюджет қаржыландырмауы керек   

Әлеумет 01.03.2022, 10:35 1,287
Бекнұр Досжан-КИСИКОВ, жазушы: Партияларды бюджет қаржыландырмауы керек   
ainews.kz

Әлбетте мен атауына қатты мәселе қойып тұрған жоқпын. Бұрын білесіз, партияның «Отан» деген жақсы аты болатын. Кейін оны Nur Otan деп өзгертті. Енді Amanat аталып жатыр.


Негізі, "аманат" деген қазақта өте қастерлі сөз. Бұл партия енді бастықтардың партиясы емес, қарапайым халықтың партиясы болсын деген тілек қоямын. Былай қарап тұрсаңыз, бұрын Nur Otan партиясын халық тек шенеуніктер мен әкімдердің партиясы сияқты қабылдайтын еді.


Партия дегеніміз тек бір категорияның партиясы болмауы керек. Ол бүкіл халықтың партиясы болуы тиіс. Сондықтан "Аманат" партиясы қарапайым халықтың аманаты болсын әрі бұл партия әр ауылда, әр кішкентай қалада болуы керек. Сонымен қатар тек қана есеп, әдемі бейне үшін ғана емес, халық үшін кәдімгідей жұмыс істеп, халықпен кездесіп, өздерінің жиынына қарапайым халықты да кіргізуі керек.



Бүкіл саяси партиялар осындай бағытта жұмыс істеуі қажет. Партияның бірінші мақсаты – халықтың игілігі үшін оның құқын қорғап, халықтың мәселесін шешетін партия болуы тиіс. Мен тек бір партияның доминантты болғанын қаламаймын. Бұрын Nur Otan партиясының мүшелері Парламенттің жартысына жуығын алатын да, басқа партиялар өте аз болатын.



Біз қазір бір мандаттық сайлауды қолдауымыз керек және басқа да партияларға мүмкіндік беруіміз керек. Тіркелмеген партиялар қаншама, міне, соларға да жол берілгені жақсы. Сондықтан "Аманаттың" тағы да бір аманаты – осы тіркелмеген партия, ұйымдармен бірге жұмыс істеп, Қазақстанның дамуына бірге әрекет жасауын күтемін.


Партияларды мемлекеттің қаржыландыруын мүлдем түсіне алмаймын. Дүниежүзінде ол жоқ нәрсе. Әр партия өзі қаржы көзін табуы керек. Партияларға бюджеттен ақша алуды доғарған жөн.


Жазып алып, дайындаған Әсел Дағжан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);