Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Базарларды жаңғырту мерзімі ұзартылады

Базарларды жаңғырту мерзімі ұзартылады

Экономика 26.06.2023, 11:22 1,076
Базарларды жаңғырту мерзімі ұзартылады
Сурет: News.milli.az

Ендігі мерзім 2025 жылдың 1 қаңтары деп көрсетіледі. 


Заң бойынша мерзім 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


"Атамекен" ҰКП мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында базарларды модернизациялау мерзімін ұзарту туралы мәселені бірнеше рет көтеріп келді.


Демек, мыңдаған сауда орындарының жабылып қалу қаупі туды. Он мыңнан аса кәсіпкер мен отбасылары табыссыз қалар еді.


Еске сала кетсек, модернизациялау көше дүңгіршектері, контейнерлік павильондарды сауда және ойын сауық орталықтары немесе сауда үйлері үлгісінде заманауи объектілерге ауыстыруды көздейді.


Жиында Сауда және интеграция вице-министрі осы мәселеге қатысты министрліктің позициясын айтты.


Спикер қазіргі кезде Парламент Мәжілісінің қарауында базарларды жаңарту мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту бойынша "Атамекен" бастамашылық еткен түзету талқыланып жатқанын айтты. Министрлік бұл бастаманы қолдайды және Ұлттық палатамен бірлесіп, оны Мәжілісте қорғауға дайын.



"Біз Ұлттық палатамен бірлесіп, бұл мәселені пысықтадық. Заң жобасында модернизациялау мерзімі 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін деп жазылады. Сауда орындарын жабамыз деп ешкім айтып жатқан жоқ", – деді вице-министр.



Арман Шакқалиев жол картасы бойынша міндеттемелер сақталатынын атап өтті.


Жол картасы әр базар бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралардан басқа, сауда саласында жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі тармақты да қарастыратынын атап өткен жөн.


Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру базарларды жаңғырту барысына тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Базар #заң #ұкп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика