AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Базалық зейнетақы мөлшері өседі

Базалық зейнетақы мөлшері өседі

Әлеумет 05.12.2022, 08:06 1,866
Базалық зейнетақы мөлшері өседі
Сурет: Abai.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын таныстырылды. 


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесіндегі жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Министр зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі туралы айта келе, бұл тұрғыда азаматтарды 3 санатқа бөлуге болатынын атап өтті.



«Бірінші аға буын – 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққан, толық еңбек өтілі бар зейнеткерлер. Олардың саны - 300 мыңнан астам адам. Сонымен қатар, олар базалық және еңбек зейнетқыларын мемлекеттік бюджеттен алады. Басым көпшілігінің зейнетақысы 120 мыңнан 160 мың теңгеге дейін. Екінші санаты қазіргі буынды қамтып отыр. Зейнет жасына 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жеткендер. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі болғандықтан, еңбек және базалық зейнетақыларын мемлекеттік бюджеттен алып отыр. Қазір осы топтағы зейнеткерлер саны 1,9 млн-нан асты. Олардың саны 2030 жылға қарай 2,6 млн-ға дейін жетеді деп межелеп отырмыз», - деді Т. Дүйсенова.



Оның айтуынша, үшінші буын – болашақ зейнеткерлер. Олар зейнетке 2038 жылдан кейін шығып, мемлекеттен базалық зейнетақы, БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақысын алатын болады.



«Қазіргі және болашақ зейнеткерлердің жағдайы қиындау. Бүгінгі зейнеткерлер толқыны үшін алдағы 5 жылда базалық зейнетақы мөлшері өседі, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері ең жоғары табыстың көлемі 46-дан 55 АЕК-ке дейін немесе орта айлық жалақының 70 %-на дейін жеткізу арқылы өседі. Өздеріңіз жақында қолдаған бұл қадамдар қазіргі буын зейнеткерлерінің толық мемлекеттік қолдауда болатыны көрсетеді», - деді министр.



Оның сөзіне қарағанда, зейнетақыны өз жинақтары есебінен қалыптастыратын болашақ зейнеткерлер үшін қосымша жұмыс берушілердің зейнетақы жарнасы енгізіледі.



«Бұл жарна қолданыстағы заңда көзделген шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі үшін база қалыптастырады. Осы орайда бұл топтағы азаматтар зейнеткерлік жасына жеткенде қазіргі зейнеткерлер секілді зейнетақының 3 түрін алатын болады. Яғни, мемлекет есебінен – базалық зейнетақы, жұмыс берушілер есебінен – шартты-жинақтаушы зейнетақы, ал өз жинақтары есебінен - жинақтаушы зейнетақы. Бұл іс-шаралар азаматтарды бұрынғы табысына сәйкес зейнетақымен қамтамасыз етеді деп пайымдаймыз», - деді ведомство басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Базалық зейнетақы #әлеуметтік кодекс #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);