конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Бауырына салу» Австрия мен Санкт-Петербургтегі ки...

«Бауырына салу» Австрия мен Санкт-Петербургтегі кинофестивальдерде топ жарды 

Мәдениет 29.08.2024, 18:29 2,147 Nursok82
«Бауырына салу» Австрия мен Санкт-Петербургтегі кинофестивальдерде топ жарды 
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Ұлттық кино орталығының» қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі халықаралық фестивальдерде топ жарып келеді. Жақында режиссер Асхат Кучинчерековтың фильмі Австрия мен Санкт-Петербургте екі беделді марапатқа ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Австриядағы Der Neue Heimatfilm халықаралық кинофестивалінде фильм «Үздік көркем фильм» сыйлығын жеңіп алды. Аталған фестиваль жүздеген кәсіби мамандардың басын біріктіріп, маңызды деректі картиналарды ұсынады.

23-27 тамыз аралығында Санкт-Петербургте өткен Lendoc Film Festival фестивалінде де «Бауырына салу» тағы биіктен көрініп, Ерсұлтан Ерман «Үздік актер» номинациясын еншіледі. Халықаралық фестивальді бес жылдан бері «Лендок» ашық киностудиясы «Кинокультура» АҰО-мен бірлесіп өткізіп келеді.

Айта кетейік, «Бауырына салу» фильмі әжесінің қолында өскен жеткіншектің оқиғасын баяндайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ата-анасына оралуға және бөтен адамдармен жаңа ортада қарым-қатынас құруға мәжбүр болады.

«Бұл – ішінара жеке өмірімнен алынған оқиға. Мен де әжемнің қолында өстім, мені тәрбиелеген сол кісі. Осы мәселені жіті зерттедім. Мұндағы басты нәрсе – ата-ана мен баланың қарым-қатынасы. Ата-әжесінің қолында өскен кез-келген бала өз ата-анасын «әке» не «ана» деп атамайды. Неге олай? Әр сондай баланың ішінде «мені тастап кеткен» деген реніш бар. Фильмнің драматургиясы, ескі отбасынан айырылғаннан кейін әлі де жаңа отбасы табу мүмкіндігі бар екенін көрерменге жеткізу», – дейді режиссер.

Кучинчирековтың өзі бұл жобада режиссер, сценарист және продюсер ретінде жұмыс істеді. Фильмнің тұсаукесері ірі халықаралық кинофестивальдерде өткен. Сонымен қатар жақында картина прокатқа шығып, көрерменнің оң бағасын алды. Режиссердің айтуынша, бұл туынды – қазақ халқының салт-дәстүріне деген ерекше құрмет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #Бауырына салу #Кино #өнер туындысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Бүгін 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Бүгін 18:50

Батысқазақстандық параспортшы боччадан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 18:45

Қазақстандық студенттер ЖИ негізінде 440-тан астам жоба әзірледі

Бүгін 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);