AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар Қазақст...

Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар Қазақстанға жеткізілді

Оқиға 24.04.2022, 06:20 1,182
Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар Қазақстанға жеткізілді
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды


Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Ресей тарихи қоғамының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Кездесу барысында тараптар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың батырлығын есте сақтау жөніндегі бірлескен іс-шараларды талқылады.
Мемлекеттік әскери-тарихи музейге қазақстандық жауынгерлердің Мәскеу шайқасындағы қаһармандығы туралы бірегей мұрағаттық құжаттар мен материалдар табыс етілді.


Тыл еңбеккерлерінің ерліктерін мәңгі есте сақтауға бағытталған патриоттық жобаның тұсаукесері аясында Ресейдің тарихи қоғамы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске баға жетпес үлес қосқан Қазақстанның елді мекендеріне «Даңқты еңбек қаласы» атағын беруді ұсынды. Тізімге он бір қала кірді: Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен қалалары.



"Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 77 жылдығы қарсаңында ата-бабамыздың ерлігін еске алуға деген тұрақты бағытымызды растайтын маңызды іс-шара өткізілуде. Ресейде құрылған «Даңқты еңбек қаласы» жобасы Қазақстанда да тиісті жалғасын табатын болады. Қазақстан соғыс жылдарында «майдан арсеналына» айналғаны, қорғаныс өнеркәсібінің негізгі базасын қажетті отынмен қамтамасыз еткені, көмір, түсті металл өндіргені, шикізат және азық-түлік базасына айналғаны, өзінде эвакуацияланған 220 фабрика мен зауытты қабылдағаны баршаға мәлім", – деді генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.




Қазақстаннан Қызыл әскерге аттанғандардың жалпы саны шамамен 1 200 000 адамды құрады, олардың тең жартысы соғыстан оралмады. 12-ші атқыштар және 4-ші атқыштар дивизиясы, 7-ші атқыштар бригадасы және полктер мен батальондардың 50-ге жуығы біздің елде құрылды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.


Одан бөлек, 700 мыңнан астам адам өнеркәсіпке жұмылдырылды. Кеңестер одағына кірген барлық елден соғыс жылдары Қазақстан 35% мыс, 83% қорғасын, 60% молибден, 65% висмут өндірді. Қарағанды облысы 35 млн тонна көмір берді. Осы уақыт ішінде тыл еңбеккерлері 5 млн тоннадан астам нан және 700 мың тоннадан астам ет өндірді. Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл әскердің жауға атқан 10 оғының 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылғаны бәрімізге белгілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бауыржан Момышұлы #Соғыс #құжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика